Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында көпшілік алдында талқылау өткізу туралы есепайона Биржан сал по итогам 2024 года

Біржан сал ауданының «Құрылыс сәулет және қала құрылысы

бөлімі» ММ-де

 

2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтер саласында  көпшілік алдында талқылау өткізу туралы есеп

Жалпы мәліметтер

Мекеменің атауы      Біржан сал  ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері    Біржан сал ауданы, Біржан сал көшесі, 34, байланыс                     телефондары 8(71639)22029                                                                                   

Бөлім басшысы                                         Мустафин Бахтияр Маратович

                                                                                    

Мемлекеттік қызмет көрсететін               Сарсембаев Даулет Алибекович

Маман

                                                                                                           

         Біржан сал ауданының « Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 7 түрін көрсетеді:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік

объектілерінің мекенжайын тағайындау/жою тізілімге сәйкес қызметтің коды 2602001.

 

  1. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау , қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды  ұсыну мемлекеттік  қызметті көрсету тізілімге сәйкес қызметтің коды 2602002.
  2. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет, тізілімге сәйкес қызметтің коды 2602005.
  3. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізілімге сәйкес қызметтің коды 2602009.
  4. Тұрғын үй құрылысын үлестік қатысу туралы шарттық есептік жазбасы туралы үзінді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізілімге сәйкес қызметтің коды 2602010.
  5. «Объектілерді кейіннен кәдеге жараттыру (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды 2601006.
  6. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қызметтің коды 2401007.

 

2024 жылы «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен барлығы 143 қызмет көрсетілген болатын, олардан:

 

- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тағайындау/жою «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) арқылы - 3 қызмет қағаз түрінде тегін негізінде.

Мемлекеттік  қызметті көрсету қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде «Электрондық үкімет» веб - порталы арқылы бастапқы материалдарды ұсыну – 78 субъектіге. Мемлекеттік  қызмет көрсету қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

- Эскизді (эскиздік жобаны) «Электрондық үкімет» порталы веб порталы арқылы келісуден өткізу - 52 қызмет. Мемлекеттік  қызметті көрсету  қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы объектілерді  кейінен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге ешім беру - 10 қызметтер, қағаз түрінде мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін ұсыну нысаны. Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

- Есепті кезеңде неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет «эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу,   құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну болып табылады.

- Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері мен тәртібі туралы ақпарат «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ақпараттық стендтерінде және Біржан сал ауданы әкімінің сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2024 жылы қызмет алушылардан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.  

 

Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат

 Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

0

0

0

0

0

0

0

        

- 2024 жылға бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сапа, уақтылық, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы өлшемдері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді және жүргізілуде:

- Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс Instagram, Facebook - 12 жалғасуда.

Халықтың назары үшін.

Есепті талқылау 2025 жылдың  ақпан -наурызына дейін өткізілетін есепті талқылау шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңізді аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады www.enbek-akmol.gov.kz  немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынсын.

Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Байланыс ақпараты , телефон: 8 (71639) 2 17 47,             

Мемлекеттік органның жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс: 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күні: сенбі, жексенбі.

 

Бөлімнің басшысы                                                                               Б. Мұстафин

Дата публикации
19 февраля 2025
Дата обновления
19 февраля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы