
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2024 жылы көрсетілген мемлекет қызмет
көрсету бойынша есебі
|
Жалпы ақпарат |
||
|
1. Қызмет беруші туралы ақпарат - ұйымның атауы |
||
|
|
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» |
|
|
Орналасқан жері |
Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қ., Биржан сал к. 57, байланыс телефондары: 8(71639)2-13-62 |
|
|
Басшы |
Бейсенбаева Жадра Женісқызы |
|
|
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар |
Бейсембаева Айнұр Сағидоллақызы, Алпысова Толқын Серікқызы, Сейтказина Сандуғаш Жасырбайқызы, Шүленбай Айлана Қалиханкызы, Калиев Шаймұхамбет Болатұлы. |
|
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есебіне (бұдан әрі – Есеп) көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілді.
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 24 түрін және түршелерін көрсетеді.
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov» 1 бұрышы орнатылған. 2024 жылы Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 461, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ арқылы - 70, электрондық үкімет порталы арқылы – 214, көрсетілетін қызметті беруші арқылы тікелей қағаз түрінде – 7, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы -170 қызмет.
«Еңбек иммигрантына рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды дайындау», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу»..
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсететін мекеменің стендтерінен, сонымен қатар Біржан сал аудан әкімінің ресми сайтында, аудан әкімінің және бөлімнін Instagram және Fаcebook парақшаларында алуға болады.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
Қызмет көрсету аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерімен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізілді, мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерімен дөнгелек үстелдер өткізілді
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
2025 жылғы ақпан- наурыз айындарда өткізілетін есепті талқылау шеңберінде есепті талқылау, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлерін, пікірлерін, ұсыныстары мен ескертулерін аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады www.enbek-akmol.gov.kz немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынылсын.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты 87163922129, 87163921362 телефондары арқылы алуға болады немесе Біржан сал ауданы, Степняк қ., Біржан сал көшесі, 76 үй мекен жайы арқылы алуларыңызға болады.
Бөлім басшысы Ж. Бейсенбаева