
Біржан сал ауданының «Мамай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету
мәселелері туралы есеп
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер -ұйымның атауы:
Біржан сал ауданының «Мамай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Мамай ауылы Ш.Уәлиханов көшесі 11, байланыс телефондары 87163924760.
Әкім: Мусин Ардак Жунусович
Мемлекеттік қызмет көрсететін маманы: Шаужанова Марал Макишевна.
Біржан сал ауданының «Мамай ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органының 2024 жылғы қызметі туралы есепте (бұдан әрі - Есеп) жергілікті атқарушы органмен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
- мемлекеттік қызметтер саны: мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
Барлығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 95 электрондық қызмет көрсетілді.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«ЭЦҚ-ны қашықтан алу», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу», «Невропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», «Зейнетақы жинақтары бойынша үзінді көшірме», «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру», «Пайдаланушыны азаматтардың мобильдік базасында іздеу. «Халықты есепке алу және есептен шығару», «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру».
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет
көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Біржан сал ауданы әкімінің ресми сайтында Facebook бетінде мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 72 материал орналастырылды.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде Zoom арқылы конференциялар, семинар-кеңестер және түсіндірмелер өткізеді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен тіркелді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 тамызда № 33244 болып тіркелді. «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады.
Мамай ауылының әкімі А.Ж. Мусин