
«Краснофлот ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп
Біржан сал ауданының 2024 жылға мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері бойынша
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, «Краснофлот ауылы әкімінің аппараты» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Краснофлот ауылы, шағын аудан, 7 құрылыс.
Тел.: 87163923305
Краснофлот ауылы әкімі: Тәшімов Ақылбек Кәпішұлы
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар:
Сәдүова Шолпан Егінбайқызы
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Краснофлот ауыл әкімінің аппаратымен 6 қызмет көрсетіледі. 1. «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну». 2. «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару». 3. «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу». 4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу». 5. «Жер телімін алу үшін кезекке тұру». 6. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің стендтерінен алуға болады. Аудан әкімінің сайтында Біржан сал www.enbek-aqmola.gov.kz. аудан әкімінің Instagram және Fecebook парақшаларында, сондай - ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жария талқылау үшін аудан әкімінің сайтында және интернет ресурсында, ММ интернет ресурсын да орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар). «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 67 электронды қызмет көрсетілді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға сәйкес халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Краснофлот ауылы әкімінің аппаратының 2024 жылы 40 мақала Instagram және Facebook парақшаларында «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу», «Жер телімін алу үшін кезекке тұру», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы мақалалар орналастырылған.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» арқылы көрсетілді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
«Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2024 жылы барлық жоспарлы көрсеткіштер орындалатын болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілді, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады. Туындаған барлық сұрақтар бойынша 87163923305 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Краснофлот ауылы әкімі Тәшімов А.