
Біржан сал ауданының «Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
туралы есеп
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер - ұйымның атауы:
Біржан сал ауданының «Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Шоқан Уәлиханов ауылы, Ленин көшесі 2 ғимарат, байланыс телефондары 8(71639) 3-13-19.
Әкім Нұрбек Аманжолұлы Шакиров
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:
Қанат Құбайдоллақызы Оспанова.
Біржан сал ауданының «Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің алты түрін көрсетті:
Көрсетілген кызметер – 4. Ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 74 электрондық қызмет көрсетілді.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Қашықтан ЭЦҚ алу», «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру» ,«Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу», «Жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру»,«Тұрғылықты жері бойынша тіркеу».
2.Қызмет алушылармен жұмыс
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат Уәлихан ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратындағы стендте, ақпараттық баннерлерде орналастырылған. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.
Еgov.kz порталына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, су диспансері, ақпараттық стенд және халыққа жайлы қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Пандус, шақыру түймесі бар.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Шоқан Уәлиханов ауыл әкімінің Facebook және Instagram парақшаларындағы Біржан сал аудандық ресми сайтында ай сайын «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»,«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту». мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы мақалалар орналастырылған
3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
2020 жылдың 1 қазандағы № 301 Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрінің бұйрығына қосымша мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін, мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары «Қаланың немесе ауылдың жерінен жер учаскесін беруге» өзгерістер енгізілген, 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрінің бұйрығына сәйкес «жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін қағидалары.
2024 жылы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» туралы 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
1)Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар мен шағымдар түскен жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2024 жылы көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Уәлихан ауылдық
округінің әкімі Н. Шакиров