
Біржан сал ауданының «Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
туралы есеп
Ұйымның атауы: Біржан сал ауданы «Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Бірсуат ауылы, Біржан сал көшесі 10, байланыс телефондары 8(716 39) 2 62 06.
Әкім: Мүрсалімов Сайран Тәпешұлы
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:
Бекпаева Алия Еламанқызы
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:1. «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну».2.«Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару».3. «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу».4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу».5. «Жер телімін алу үшін кезекке тұру».6. «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу». 3)Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 6, оның ішінде; "электрондық үкімет" порталы арқылы - 5 қызмет, «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ арқылы - 1 қызмет. - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу» - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде көрсету нысаны. Барлық көрсетілген қызметтер – 4 сұранысқа ие қызмет. - «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну».- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде көрсету нысаны. Барлық көрсетілген қызметтер – 1 сұранысқа ие қызмет. «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша ең сұранысқа ие - «Баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік алу, АХАЖ жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу», «Баланың тууына жәрдемақы және (немесе) бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы/әлеуметтік төлем тағайындау», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу», «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру», «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу », «Наркологтан анықтама беру ұйымдар», «Невропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру», «Зейнетақы жарналары туралы анықтама алу», «ЭЦҚ-ны қашықтан алу». «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 76 электронды қызмет көрсетілді.
2.Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратындағы стендте және ақпараттық баннерде орналастырылған. Аудан әкімінің Instagram және Facebook парақшаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы. 2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.Қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсындағы веб-сайтта орналастырылған, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, өз пікірлерін қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
«Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге бағытталған «Сервистік әкімдігі» ашылды. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға сәйкес халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біржан сал ауданы әкімінің ресми сайтында 2024 жылдың мамыр айында Instagram және Facebook парақшаларында «Жер телімін алу үшін кезекке тұру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы мақала жарияланды. Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппаратының Instagram және Facebook парақшаларында «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу», «Жер телімін алу үшін кезекке тұру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы мақалалар орналастырылған.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
«Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен.
Бірсуат ауылдық округі әкімі С. Мүрсәлімов