
Біржан сал ауданының «Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету
мәселелері туралы есеп
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер - ұйымның атауы: Біржан сал ауданы «Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Заурал ауылы, Бәйтерек көшесі 21, байланыс телефондары 8(71639) 2-63-63.
Әкім Әбдікенов Руслан Қазбеқұлы
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:
Лысенко Елена Олеговна
«Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен
6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
Барлығы – 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ауылдық әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov» бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 335 электрондық қызмет көрсетілді.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; «ЭЦҚ қашықтықтан алу», «Мобильді азаматтар базасында тіркеу», «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу», «Соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
2.Қызмет алушылармен жұмыс
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Заурал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы стендте орналастырылған, ақпараттық баннерде орналастырылған. Аудан әкімінің, ауыл әкімінің Facebook және Instagram парақшаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
«Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге бағытталған «Сервистік әкімдігі» ашылды. «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 208 электронды қызмет көрсетілді. «Мемлекеттік қызметтер» туралы Заңға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әкім аппаратында дөңгелек үстелдер өткізілді, стендтерде ақпарат үнемі жаңартылып отырады, ұсынылған мемлекеттік қызметтердің саны туралы ақпарат барлық ауылдық жиындарда жарияланады.
Біржан сал ауданы Заурал ауылдық округі әкімінің ресми сайтында Fаcebook парақшасында «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу», «Жер учаскесін алуға кезекке қою», «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметтері бойынша ережелер орналастырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағым мәнісі |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қараған күні |
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2024 жылы көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Көрсетілетін қызметті алушылардың сапасы, уақтылығы, қанағаттануы өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету және алу қағидаларымен танысудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады (ақпараттық стендтерді жаңарту, Мемлекеттік қызметтер көрсету әлеуметтік желілерде және округтің әлеуметтік топтарында, ауылдық жиындарда халықты ақпараттандыру, дөңгелек үстелдер өткізу), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтер алуды танымал ету (материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау) бойынша. Байланыс телефоны 8 716 3926363.
Заурал ауылдық округі әкімі Р.Әбдікенов