Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ бойынша 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет мәселелері туралы ЕСЕП

Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ

бойынша 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік

қызмет мәселелері туралы ЕСЕП

 

1.Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік көрсетілетін  қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішісіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің бір түрін көрсетеді: «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».

Мемлекеттік қызмет уәкілетті агенті ақпараттандыру нысаны – «Баспана нарығы» жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank арқылы көрсетіледі.

 Барлығы көрсетілген қызмет саны - 10.

3) Жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы.

 

2.Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің стендтерінен алуға болады, аудан әкімінің сайтында Біржан сал, Instagram және Facebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп сайтта «электрондық үкімет» веб-порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында айқындықты қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мамандары мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы жетік түсіндіру жұмысын өткізеді, сонымен қатар жұмысқа қабылданған кезде мамандарға одан әрі ақпаратты түсіндіру және жеткізу үшін әлеуметтік саланың кадр қызметі мамандарымен жұмыс жүргізіледі, есепті кезең үшін көрсеткіштер көрсетіледі, туындалатын ұсыныстар мен мәселелер талқыланады.

 

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету барыстарын жетілдіру бойынша қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оңтайландыру және автоматизациялар нәтижелері.

Ауданның көрсетілетін қызмет берушілердің мемлекеттік қызметті ұсынудың үдерісін жылдамдату және жеңілдету мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу қызметті ұсыну мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқартуға, сонымен қатар қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы байланысты алып тастау арқылы осы саланың сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік берді.

         Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Отбасы Банкі» АҚ «Дипломмен – ауылға» жобасының уәкілетті агенті болып тағайындалды. Жоба цифрлық форматқа көшірілді және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді қарастырады. Жаңа өтінімдер жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимінде қабылданатын болады otbasybank.kz. "Дипломмен – ауылға" жобасына қатысуға өтінім беру үшін оның қатысушысы порталда тіркелуі қажет otbasybank.kz және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою. 

2) Мемлекетік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс шаралар

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар өздерінің білімдерін тиісті заңдар, ережелерді, әдістемелік ұсыныстар зерттеу арқылы көтереді. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында кестеге сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтеді.

3)Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында негіз қалаушы принциптерді және нормаларды белгілеу, қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында 2013 жылдың 15 сәуір «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң қабылданды.

Ұлттық экономика Министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы                №66 «Өңірлік даму бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі              №01-04-03/51 НҚ өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, сенім білдірілген өкіл (агент) акционерлік қоғамын айқындау туралы 2023 жылғы 1 сәуірден бастап сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциялары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-не беріледі.

 

4.Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

 

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлатуға тұрақты негіздегі жұмыстарына сәйкес, ішкі бақылаудың нәтижелері – қызметті алушылар жағынан есеп беру кезеңінде ескертулер, сонымен бірге шағымдардың жоқтығы болып табылады.

Бөлімде мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын бақылау мақсатында ай сайын жоғары тұрған органға мемлекеттік қызметті ұсыну есептілігі жинақталады.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың 1 фактісі анықталды. Бақылау актісі қорытындысы бойынша жауапты маман «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

5.Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызметті алушылардың қанағаттануын жоғарлату және одан әрі тиімділігінің перспективалары.

Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету одан әрі тиімді жұмыс істеуі үшін, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағатануын жоғарлату мақсатында:

- Бөлім басшылары мен мамандары мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында біліктілігін тұрақты түрде жоғарылатады.

- Біржан сал ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметті уақытылы ұсынуға арналған барлық тиісті шаралар қабылданады.

- Аудан әкімінің және ауылдық округтер, ауыл әкімдерінің онлайн форматта есепті кездесулері кезінде  ұсынылған көтерме жәрдемақылар мен бюджеттік кредиттер саны жайлы мәліметтер тұрғындарға беріледі, мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласында мемлекеттік мекеме қызметінің есебін көпшілік талқылау өткізіледі: 2023 жыл бойынша есеп.

 

 

Бөлім басшысы                                                                              З. Құсайынова

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 февраля 2024
Дата обновления
27 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы