
Біржан сал ауданы «Дене шынықтыружәне спорт бөлімі» ММ-нің
2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет мәселелері
туралы есебі
|
I. Жалпымәлімет |
|
|
1.Қызмет көрсететінұйым беруші туралы мәліметтер |
|
|
Мекеменіңатауы |
Біржан сал ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ |
|
Орналасқанжері |
Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Аблайхан көшесі, 11 үй, Байланыс телефондары: 8 (716 39) 5-01-60 |
|
Басшы
|
Истаев Арман Сапарғлиұлы |
|
Мемлекеттікқызметкөрсететін маман |
Әлжанов Диас Болатұлы |
|
|
|
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген»
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- Мемлекеттік қызметтер: Біржан сал ауданының "Дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ 2 қызмет түрін көрсетеді.
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 1 қызмет түрі,
- Тегін негізде 2 қызмет түрі
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 128 құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы – 127"электрондық үкімет" порталы арқылы-1 өтініш.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
"Спорттық разрядтар мен санаттарды беру: екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдер, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі".
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің стендтерінен алуға болады. Аудан әкімінің сайтында Біржан сал www.enbek-akmola.gov.kz. бөлімнің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары
бойынша 1414.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есеп сайтта "электрондық үкімет" веб - порталында, жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл бойы 1 дөңгелек үстел өткізілді. Мемлекеттік органның Fаcebook және әлеуметтік желілерінде 2 мақала жарияланды -2.
Аудан әкімінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерлерімен Халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізіледі (барлығы 1 сөз сөйлеу).
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылар шағымдары жөнінде ақпарат
|
Шағымберуші туралы мәлімет |
Шағыммәнісі |
Шағымдықарағанжәне (немесе) шешімқабылдаған орган (ұйым) |
Қарағанкүні |
Шағымдықараунәтижесіжөніндегіқұжатнөмірі |
Қабылданғаншешім |
Қабылданған шешімдіқайтақарау туралы мәлімет |
|
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Біржан сал ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың ақпан-мамыр айында мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласында мемлекеттік мекеме қызметінің есебін көпшілік талқылау өткізіледі. 2023 жылға есеп аудан әкімінің сайтына және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады. Қызметтер көрсетулер саласындағы мемлекеттік мекеме қызметі жөніндегі пікірлерді, ұсыныстарды, ескертулерді аудан әкімі сайтының арнайы блогына www.enbek-akmol.gov.kz орналастыруға немесе Біржан сал ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің өкілетті органының тұрған жері бойынша демалыс және мерекелік күндерден басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліс пен беруге болады.
Мекен-жайбойынша Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Аблайхан көшесі, 11 үй, байланыс телефоны: 8 (716 39) 50160.Электрондықмекен-жайы enbek_fiz_sport@mail.ru
Бөлім басшысы А.С. Истаев