
Біржан сал ауданының «Кеңащы ауыл әкімінің аппараты» ММ-мен 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
туралы есеп
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер -ұйымның атауы:
Біржан сал ауданының «Кеңащы ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Кеңащы ауылы Ақан сері 33, байланыс телефондары 8/71639/ 3-02-49.
Ауыл әкімі Самат Қайырбекұлы Бермағамбетов
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:
Мәриям Мұхамбедияқызы Нұрмағамбетова.
Біржан сал ауданының «Кеңащы ауыл әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің бес түрін көрсетеді:
Барлығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov» 1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 222 электрондық қызмет көрсетілді.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Бірынғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтары», «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», «Невропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру», «Баланың туылғаның тіркеуге электронды өтінішті тапсыру», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу»,
«Жылжымайтың мүліктің жоқтығы туралы анықтама», "Фтизиатрия"фтизиопульмонология орталығынан анықтама», «Электрондық сенімхат», «тұрғылықты жері бойынша тіркеу», «білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін құжаттарды қабылдау»
2.Қызмет алушылармен жұмыс
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет
көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
Біржан сал ауданы Кеңащы ауыл әкімінің Facebook парақшасында «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алуға кезекке қою». мемлекеттік қызметі бойынша 26 мақала орналастырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Біржан сал ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Ахметжан Б.К. тұрақты негізде Zoom арқылы конференциялар, семинар-кеңестер және түсіндірмелер өткізеді
1)Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік- құқықтық жетілдіру
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен тіркелді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 тамызда № 33244 болып тіркелді. «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу». 4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 2024 жылдың ақпан-наурыз айларындағы ұйымдастыру шаралары:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; -
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу және халық алдындағы есептердің қорытындысы бойынша қорытындыны орналастыру (Біржан сал ауданы әкімдігінің , 2024 жылғы 5 ақпандағы № А-2/14 қаулысымен Аудан әкімінің www.enbek-akmol.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептер» бөлімінде, сондай-ақ Біржан сал ауданының «Facebook» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдардың хабарламалары берілген. аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша кері байланыс орналастырылды.
Кеңащы ауыл әкімі С.Бермағамбетов