
Біржан сал ауданы «Донской ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2023 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Біржан сал ауданы «Донской ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і жергілікті атқарушы органның 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебіне (бұдан әрі - есеп) жергілікті атқарушы орган көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
Ұйымның атауы: Біржан сал ауданы «Донской ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Андықожа батыр ауылы, Первомайская көшесі, 5-құрылыс, байланыс телефондары 87163927257,27237.
Донской ауылдық округінің әкімі: Мұқанов Таңат Талғатұлы
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман: Шаймерденова Миржан Амантайқызы – бас маман.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:- Мемлекеттік қызметтер саны: Донской ауылдық округі әкімінің аппараты 5 қызмет түрін көрсетеді:
2023 жылдың қорытындысы бойынша «Донской ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ-і:
Донской ауылдық округі әкімінің аппаратында Сервистік әкімдігі бар, «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы - 269 электрондық қызмет көрсетілді, сондай-ақ «Донской ауылдық округінің әкімінің аппараты» «Facebook» әлеуметтік парақшасында Мемлекеттік қызмет көрсетудің қанағаттану деңгейі бойынша сауалнамадан өтуге сілтеме орналастырылды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 жылғы № 287 бұйрығына сәйкес «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметінен «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметіне өзгертілді.
3) Аса сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
«E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы, мынадай түрлері бойынша - 269 электрондық қызмет көрсетілді:
«Соттылығының болуы (болмауы) туралы анықтама», «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама», «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу», «ЭЦҚ қашықтан алу», «Жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама», «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама» салымшының ақшалай қаражатының түсуі», «Психоневрологиялық мекемеден анықтама», «Наркологиялық мекемеден анықтама», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу».
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Біржан сал ауданы әкімінің сайтында www.enbek-akmola.gov.kz.. аудан әкімінің Instagram және Fecebook парақшасында, сондай - ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат. Мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жария талқылау үшін аудан әкімінің сайтында және интернет ресурсында, ММ интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
«Донской ауылдық округі әкімінің аппараты» «Facebook» ресми парақшасында 2023 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша 5 ақпараттық мақала жарияланды.
.3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет. Барлық мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» арқылы көрсетілді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген, қызметтердің 5 түрі қағидалар мен стандарттарға сәйкес көрсетіледі.
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері. Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2024 жылы барлық жоспарлы көрсеткіштер орындалатын болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін «Сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілді, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады. Туындаған барлық сұрақтар бойынша 87163927257, 27237 телефоны бойынша хабарласуға болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 2024 жылдың ақпан-наурыз айларындағы ұйымдастыру шаралары:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; -
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу және халық алдындағы есептердің қорытындысы бойынша қорытындыны орналастыру (Біржан сал ауданы әкімдігінің , 2024 жылғы 5 ақпандағы № А-2/14 қаулысымен Аудан әкімінің www.enbek-akmol.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептер» бөлімінде, сондай-ақ Біржан сал ауданының «Facebook» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдардың хабарламалары берілген. аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша кері байланыс орналастырылды.
Донской ауылдық округінің әкімі Т. Мұқанов.