
Біржан сал ауданының «Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
туралы есеп
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер - ұйымның атауы:
Біржан сал ауданының «Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Шоқан Уәлиханов ауылы, Ленин көшесі 2 ғимарат, байланыс телефондары 8(71639) 3-13-19.
Әкім Нұрбек Аманжолұлы Шакиров
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:
Қанат Құбайдоллақызы Оспанова.
Біржан сал ауданының «Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің бес түрін көрсетті:
Ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 112 электрондық қызмет көрсетілді.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Қашықтан ЭЦҚ алу», «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру», «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»,«Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу», «Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру».
2.Қызмет алушылармен жұмыс
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат Уәлихан ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратындағы стендте, ақпараттық баннерлерде орналастырылған. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.
Еgov.kz порталына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, су диспансері, ақпараттық стенд және халыққа жайлы қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Пандус, шақыру түймесі бар.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Шоқан Уәлиханов ауыл әкімінің Facebook және Instagram парақшаларындағы Біржан сал аудандық ресми сайтында «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»,«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
2020 жылдың 1 қазандағы № 301 Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрінің бұйрығына қосымша мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін, мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары «Қаланың немесе ауылдың жерінен жер учаскесін беруге» өзгерістер енгізілген, 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрінің бұйрығына сәйкес «жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін қағидалары.
2023 жылы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» туралы 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
1)Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар мен шағымдар түскен жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2023 жылы көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың сапа, уақытылылық, қанағаттану критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер қөрсету үдерісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттық стедтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды жариялау) мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 2024 жылдың ақпан-наурыз айларындағы ұйымдастыру шаралары:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; -
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу және халық алдындағы есептердің қорытындысы бойынша қорытындыны орналастыру (Біржан сал ауданы әкімдігінің , 2024 жылғы 5 ақпандағы № А-2/14 қаулысымен Аудан әкімінің www.enbek-akmol.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептер» бөлімінде, сондай-ақ Біржан сал ауданының «Facebook» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдардың хабарламалары берілген. аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша кері байланыс орналастырылды.
Уәлихан ауылдық округінің
әкімі Н. Шакиров