
Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
туралы есеп
Ұйымның атауы: Біржан сал ауданы «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Баймырза ауылы, Сейфуллин көшесі 15, байланыс телефондары 8(716 39) 2 66 22.
Әкім: Садвокасова Әлия Талғатбекқызы
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:
Котикова Марина Герихановна
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
«Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:1. «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну».2.«Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару».3. «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу».4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу».5. «Жер телімін алу үшін кезекке тұру».Әкім аппаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 165 электронды қызмет көрсетілді. 3).Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықығын сатып алу», «Баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік алу, АХАЖ жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу», «Баланың тууына жәрдемақы және (немесе) бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы/әлеуметтік төлем тағайындау», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу», «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру», «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу », «Наркологтан анықтама беру ұйымдар», «Невропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру», «Зейнетақы жарналары туралы анықтама алу», «ЭЦҚ-ны қашықтан алу».
2.Қызмет алушылармен жұмыс
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратындағы стендте және ақпараттық баннерде орналастырылған. Аудан әкімінің Instagram және Facebook парақшаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсындағы веб-сайтта орналастырылған, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, өз пікірлерін қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға сәйкес халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біржан сал ауданы әкімінің ресми сайтында 2023 жылдың мамыр айында Instagram және Facebook парақшаларында «Жер телімін алу үшін кезекке тұру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы мақала жарияланды. Баймырза ауылдық округі әкімінің аппаратының Instagram және Facebook парақшаларында «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу», «Жер телімін алу үшін кезекке тұру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы мақалалар орналастырылған.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
«Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін одан әрі жетілдіру (ақпараттық стендтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету (БАҚ-тағы материалдарды жариялау). Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 2024 жылдың ақпан-наурыз айларындағы ұйымдастыру шаралары:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; -
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу және халық алдындағы есептердің қорытындысы бойынша қорытындыны орналастыру (Біржан сал ауданы әкімдігінің , 2024 жылғы 5 ақпандағы № А-2/14 қаулысымен Аудан әкімінің www.enbek-akmol.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептер» бөлімінде, сондай-ақ Біржан сал ауданының «Facebook» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдардың хабарламалары берілген. аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша кері байланыс орналастырылды.
Баймырза ауылдық округі әкімі А.Сәдуақасова