Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

Біржан сал  ауданының  «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Ұйымның атауы: Біржан сал ауданы «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Аңғал батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 8, байланыс телефондары 8(716 39) 2 65 90.

Әкімнің м.а.: Шайзадаева Ғалия Маратқызы

Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:

Шайзадаева Ғалия Маратқызы

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:1. «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну».2.«Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару».3. «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу».4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу».5. «Жер телімін алу үшін кезекке тұру».3).Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат. Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 2, оның ішінде; «электрондық үкімет» порталы арқылы - 2 қызмет.1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқығын сатып алу» - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде көрсету нысаны. Барлық көрсетілген қызметтер – 1.2. «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылы 1 тамыздағы № 287  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде көрсету нысаны. Барлық көрсетілген қызметтер – 1 сұранысқа ие қызмет.«E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша ең сұранысқа ие - «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу», «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру», «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу», «Наркологтан анықтама беру ұйымдар», «Невропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру», «Зейнетақы жарналары туралы анықтама алу», «ЭЦҚ-ны қашықтан алу».

2.Қызмет алушылармен жұмыс

1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратындағы стендте және ақпараттық баннерде орналастырылған. Аудан әкімінің Instagram және Facebook парақшаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы.2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.Қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсындағы веб-сайтта орналастырылған, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, өз пікірлерін қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

«E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 165 электронды қызмет көрсетілді.«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға сәйкес халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біржан сал ауданы әкімінің ресми сайтында 2023 жылдың қазан айында Instagram және Facebook парақшаларында «Жер телімін алу үшін кезекке тұру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы мақала жарияланды. Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппаратының Instagram және Facebook парақшаларында «Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Жеке меншікке жер телімін бір мезгілде сату немесе бөліп төлеу», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу», «Жер телімін алу үшін кезекке тұру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы мақалалар орналастырылған.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

«Кент, ауылдың жерінен жер телімін ұсыну», «Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер телімінің құқықғын сатып алу» мемлекеттік қызметтер ережесіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету туралы айыптау мен шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін одан әрі жетілдіру (ақпараттық стендтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету (БАҚ-тағы материалдарды жариялау). Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 2024 жылдың ақпан-наурыз айларындағы ұйымдастыру шаралары:

мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; -      

      2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу және халық алдындағы есептердің қорытындысы бойынша қорытындыны орналастыру (Біржан сал ауданы әкімдігінің , 2024 жылғы 5 ақпандағы                 № А-2/14 қаулысымен Аудан әкімінің www.enbek-akmol.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептер» бөлімінде, сондай-ақ Біржан сал ауданының «Facebook» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдардың хабарламалары берілген. аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша кері байланыс орналастырылды.

 

 

 

Аңғал батыр ауылдық округі

әкімінің м.а.                                                                            Ғ.М. Шайзадаева

Дата публикации
27 февраля 2024
Дата обновления
27 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы