
Біржан сал ауданының «Ақсу ауылы әкімінің аппараты» ММ-мен
2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
туралы есеп
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер -ұйымның атауы:
Біржан сал ауданының «Ақсу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Ақсу ауылы Желтоқсан көшесі, 7-құрылыс, байланыс телефондары 8(71659) 2-11-10.
Әкім Нурашева Әсел Сайлауқызы
Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:
Кустекова Зульфия Серікқызы
Біржан сал ауданының «Ақсу ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің бес түрін көрсетеді:
Ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 62 электрондық қызмет көрсетілді.
«ЭЦҚ қашықтан алу», «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама», «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу», «Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну», ««Наркология» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну», «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу», «Жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер», «Адамдардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер», «Мұрағаттық анықтамалар беру».
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат Ақсу ауылы әкімінің аппаратының ғимаратындағы стендте, ақпараттық баннерлерде орналастырылған. Ауыл әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.
Еgov.kz порталына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қарастырылған, су диспансері, ақпараттық стенд және халыққа ыңғайлы қызмет көрсету үшін басқа да қажетті жағдайлар.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл әкімінің Facebook және Instagram парақшаларындағы Біржан сал ресми сайтында «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі бойынша мақалалар орналастырылған.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуді көздейтін қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік қызметтер көрсетілетін «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 Бұйрығы.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2022 жылы көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың сапа, уақытылылық, қанағаттану критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер қөрсету үдерісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттық стедтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету ( бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды жариялау) мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 2024 жылдың ақпан-наурыз айларындағы ұйымдастыру шаралары:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; -
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу және халық алдындағы есептердің қорытындысы бойынша қорытындыны орналастыру (Біржан сал ауданы әкімдігінің , 2024 жылғы 5 ақпандағы № А-2/14 қаулысымен Аудан әкімінің www.enbek-akmol.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептер» бөлімінде, сондай-ақ Біржан сал ауданының «Facebook» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдардың хабарламалары берілген. аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша кері байланыс орналастырылды.
Әкім А. Нурашева