
Біржан сал ауданының «Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету
мәселелері туралы есеп
Біржан сал ауданының «Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп) жергілікті атқарушы орган көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.
Барлығы 2023 жыл ішінде ақылы негізде мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.
Барлығы мемлекеттік қызмет көрсетілді - 54 оның ішінде: "электрондық үкімет" порталы арқылы - 53 қызмет, қағаз нысанда кеңсе арқылы - 1 қызмет.
Ақмола облысының "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Біржан сал ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ.
"Е-Лицензирование" МДҚ арқылы - 53 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан - 48, заңды тұлғалардан – 3.
"Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" – 41, оның ішінде заңды тұлғалар - 6.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" - 6, оның ішінде жеке тұлғалардан – 6.
"Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату" - 1, оның ішінде жеке тұлғалардан – 1.
Ауылдық әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 84 электрондық қызмет көрсетілді.
"ЭЦҚ қашықтықтан алу","Мобильді азаматтар базасында тіркеу", "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу", "Соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру", "Тұрғылықты жері бойынша тіркеу", "ЭЦҚ қайта шығару", "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру", "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін.
2.Қызмет алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" Заңына сәйкес халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы" Facebook " ."Үлгі ауылдық округінің әкімдігі" ресми парақшасында: Мемлекеттік қызметтер бойынша 14 Ақпараттық мақала жарияланды:
Шілде айында "Fecebook" аудандық парақшасында "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру", «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы 5 мақала жарияланды.
Қазан айында "Fecebook" аудандық парақшасында «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алуға кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы 5 мақала жарияланды.
Қараша айында "Fecebook" аудандық парақшасында «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы 3 мақала жарияланды.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"," Сауда-саттықты
(конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу "Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына," елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру " мемлекеттік көрсетілетін қызметі кент жерінен жер учаскесін беру " мемлекеттік көрсетілетін қызметі, "жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 287 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сапаны жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру (ақпараттық стенділерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету және электрондық қызметтер алуды танымал ету (материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау) жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 2024 жылдың ақпан-наурыз айларындағы ұйымдастыру шаралары:
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; -
2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу және халық алдындағы есептердің қорытындысы бойынша қорытындыны орналастыру (Біржан сал ауданы әкімдігінің , 2024 жылғы 5 ақпандағы № А-2/14 қаулысымен Аудан әкімінің www.enbek-akmol.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептер» бөлімінде, сондай-ақ Біржан сал ауданының «Facebook» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдардың хабарламалары берілген. аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша кері байланыс орналастырылды.
Үлгі ауылдық округі әкімі Р. Абжанова