Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Мамай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

 

Біржан сал  ауданының «Мамай ауылы әкімінің  аппараты» ММ-нің                                                            2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету

мәселелері туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер -ұйымның атауы:  

Біржан сал ауданының «Мамай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Мамай  ауылы Ш.Уәлиханов көшесі 11, байланыс телефондары 87163924760.

Әкім: Мусин Ардак Жунусович

Мемлекеттік қызмет көрсететін маманы: Шаужанова Марал Макишевна.

 Біржан сал ауданының «Мамай ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органының 2023 жылғы қызметі туралы есепте (бұдан әрі - Есеп) жергілікті атқарушы органмен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

- мемлекеттік қызметтер саны: мемлекеттік қызметтің  5 түрін көрсетеді:

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  3. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою»;

 Барлығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

   Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 92 электрондық қызмет көрсетілді.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.   

 «ЭЦҚ-ны қашықтан алу», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу»,  «Невропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру», «Пайдаланушыны азаматтардың мобильдік базасында іздеу. «Халықты есепке алу және есептен шығару», «Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама беру».

  1. Қызмет алушылармен жұмыс
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

     Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет

көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

    Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

    Аудан әкімінің Facebook парақшасында Біржан сал ресми сайтында «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,       «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,   «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алуға кезекке қою». мемлекеттік қызметі бойынша 40 мақала орналастырылды.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Біржан сал ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Ахметжан Б.К. тұрақты негізде Zoom арқылы конференциялар, семинар-кеңестер және түсіндірмелер өткізеді.
          3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы                 1 тамыздағы № 287 бұйрығымен тіркелді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 тамызда № 33244 болып тіркелді. «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

    Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Көрсетілетін қызметті алушылардың сапа, уақытылылық, қанағаттану критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер қөрсету үдерісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттық стедтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету

тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету (бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды жариялау) мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 2024 жылдың ақпан-наурыз айларындағы ұйымдастыру шаралары:

мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; -      

      2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-шаралар туралы есептерді қоғамдық талқылауды өткізу және халық алдындағы есептердің қорытындысы бойынша қорытындыны орналастыру (Біржан сал ауданы әкімдігінің , 2024 жылғы 5 ақпандағы                 № А-2/14 қаулысымен Аудан әкімінің www.enbek-akmol.gov.kz сайтындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы есептер» бөлімінде, сондай-ақ Біржан сал ауданының «Facebook» әлеуметтік желісінде уәкілетті органдардың хабарламалары берілген. аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша кері байланыс орналастырылды.

 

 

 

Мамай ауылының әкімі                                                                       А.Ж. Мусин

Дата публикации
27 февраля 2024
Дата обновления
27 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы