Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

Ақмола облысының «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020700, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 23, анықтама алу үшін телефон нөмірі: 8(71639)21912, факс 8(71639)21441, электрондық мекенжай birjansal_sup@mail.ru электрондық хатты мемлекеттік органдардың интернет порталынан жіберген кезде файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 МБ артық емес, сыртқы поштадан (mail.ru., gmail.com және т. б.) - 5 МБ артық емес) «Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Біржан сал ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері Е-R-4 санаты, блок В, грейд 3, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бюджет қаржысының тиісті мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп жүргізу, қазынашылық басқармасы арқылы өткізілген операцияларды есепке алу,  қаржы жылына бюджеттік өтінім жасау. Қаржы құжаттарын ресімдеу, айлық, тоқсандық есептерді белгіленген мерзімде тапсырып отыру, бюджетпен есеп айырысу жағдайына, құнды заттардың сақталуына бақылау жасау. Мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастыру. Веб-порталға мемлекеттік сатып алулар жоспарын орналастыру, мемлекеттік сатып алулар бойынша есептілікті құру. Негізгі құралдарды есепке алу және олар бойынша келісім-шарттар жасау. Еңбекақыны есептеу. Басшылық белгілейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Біржан сал ауданының «Ақсу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-G-3» санаты, блог А, грейд 4, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 226 837 теңгеден              260 564 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Абаттандыру, жарықтандыру, сумен жабдықтау, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру.  Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.  Шаруа, фермер мәселелерін ұйымдастыруға және кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу.  Зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Дене шынықтыру және спорт, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу бойынша мәселелерді ұйымдастыру. Нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдерді, әкімшілік-өкімдік сипаттағы мәселелер бойынша өкімдерді дайындау. Ұйымдастыру-кадрлық жұмысқа байланысты құжаттарды ресімдеу.  Нотариаттық іс-әрекеттер жасау.  Кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу.  Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексінің талаптарын сақтау.  Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы білу және сақтау. Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс регламентіне, осы лауазымдық нұсқаулыққа және басқа да нормативтік құжаттарға қатаң сәйкес жұмыс.  Істер номенклатурасын әзірлеу және жасау. Құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсыру үшін тізімдемелер жасау, құжаттарды өз бейіні бойынша мұрағаттау.  Әлеуметтік қызметкерлердің жалғыз және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетуін ұйымдастыру. Есеп беру. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Мәдени-бұқаралық және ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе педагогикалық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе денсаулық сақтау немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе қызметтер немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері, «Е-R-4» санаты, блок В, грейд 3, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 195 549 теңгеден    224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бюджет қаржысының тиісті мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп жүргізу, қазынашылық басқармасы арқылы өткізілген операцияларды есепке алу,  қаржы жылына бюджеттік өтінім жасау. Қаржы құжаттарын ресімдеу, айлық, тоқсандық есептерді белгіленген мерзімде беріп отыру, бюджетпен есеп айырысу жағдайына, құнды заттардың сақталуына бақылау жасау. Мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастыру. Веб-порталға мемлекеттік сатып алулар жоспарын орналастыру, мемлекеттік сатып алулар бойынша есептілікті құру. Негізгі құралдарды есепке алу және олар бойынша келісім-шарттар жасау. Еңбекақыны есептеу. Бөлім басшысы белгілейтін басқа өкілеттіліктерді  жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, блок В, грейд 3, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 195 549 теңгеден    224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: жеке тұрғын үй құрылысына, сондай-ақ өндiрiстiк және өндiрiстiк емес ғимараттар мен құрылыстарға, өнеркәсіп объектілеріне жер учаскелерiн беруге қатысты жер қатынастарын реттеу бөлiгiнде заңды  және жеке тұлғалардың өтiнiштерiмен және хаттарымен жұмыс. Қазақстан Республикасының Жер кодексі заңнамасын түсіндірумен азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына жауап дайындау. Жыл сайынғы жер теңгерімін жасауға қатысу. Жер учаскелерін беру туралы  әкімдік қаулыларының, әкімдер өкімдерінің жобаларын дайындау. Жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрықтар дайындау. Аудан әкімдігімен, ауданның дербес бөлімдерімен, Степняк қаласы, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерімен өзара әрекеттестік. Жер учаскелерін мәжбүрлеп меншіктен шығару бойынша ұсыныстарды дайындау. Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғау, құқық қорғау органдарында, барлық сот инстанцияларында бөлім мүддесін ұсыну. Өз құзыры шегінде талап арыздар дайындау және талап арыздарға қарсылық білдіру. ҚР заңнамасын бұзушылықпен пайдаланылатын немесе пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша жұмыстар. Сауда (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру. Елді мекендерге құрылыс салу мониторингісін жүргізу. Жер учаскесіне ауыртпалықты орнатуға немесе тоқтатуға уәкілетті органға өтініштер дайындау. Құрылысқа берілген жерлердің орындалуына, иесіз, нысаналы пайдаланылмайтын және пайдаланатын жер учаскелерін анықтауға және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (құқықтану) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (жерге орналастыру немесе кадастр немесе геодезия және картография) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе аграрлық техника және технология) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Біржан сал ауданының «Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп жөніндегі бас маманы, «E-G-3» санаты, блог B, грейд 3, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 195 549 теңгеден 224 624теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: атқарылатын операциялардың заңдылығы мен құжаттардың өз уақытында және дұрыс рәсімделуіне алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Барлық атқарылатын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шотында кескінделуін жүзеге асыру. Тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сома шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылауды жүзеге асыру. Төлемдер бойынша белгіленген өзгерістер тәртібімен енгізілуі есебімен жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес  қаржының дұрыс, тиімді және мақсатымен жұмсалуына, сондай-ақ ақшалай қаржының және материалдық құндылықтартың сақталуына бақылау жасау. Мемлекеттік қызметшілерге және техникалық қызметкерлерге жалақыны  мерзімінде есептеу және төлеу. Қаржылық, статистикалық және салық есептілігін белгіленген мерзімінде құру және ұсыну. Қаржыландыру жоспары мен оның есептерін мемлекеттік мекеменің басшысымен құру және келісу. Бюджеттік бағдарламалар әзірлеу. Мемлекеттік электрондық сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың тиісті қаржы жылына жылдық жоспарын веб-порталында орналастыру арқылы әзірлеу, анықтау және бекіту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Біржан сал ауданының «Краснофлот ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есеп жөніндегі бас маманы, «E-G-3» санаты, блог B, грейд 3, 1 бірлік.

  1. Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері Е-R-4 санаты, блок В, грейд 3, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: жалақыны мерзімінде есептеу және төлеу. Нормативтерге сәйкес шығыстар сметасын, Бюджеттік өтінімді, штат кестесін жасау және оларға барлық бағдарламалар бойынша есеп айырысу. Шығындардың ерекшелігі тұрғысынан бюджет қаражатының дұрыс пайдаланылуын бақылау және есепке алу. Бөлімнің бюджеттік бағдарламаларының тиімділігін бағалау. Бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты игерілуін бақылау. Қаржы бөлімімен, қазынашылық органымен, салық басқармасымен, статистика басқармасымен жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің бухгалтерлік есептілігін жасау. Бөлімді техникалық қамтамасыз ету. Қаржы құжаттарының, активтердің, көлік құралдарының сақталуын бақылау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу. Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету. Әлеуметтік жәрдемақыларды және материалдық көмектің басқа да түрлерін есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктермен шарттар жасасу орындау. Қаржы құжаттарының, активтердің, көлік құралдарының сақталуын бақылау. Бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-G-3» санаты, блог B, грейд 3, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 195 549теңгеден 224 624теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Кадр жұмысы бойынша есепке алу құжаттамасының тиісті жай-күйін қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды орындау, іс қағаздарын жүргізу.  Анықтама сипаттамасын жазып беру. «Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында, мекемелерінде, ұйымдарында және оқу орындарында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі туралы» қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алудың толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді. АҚ және ТЖ, жер қатынастары мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету. «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы бойынша сайлаушылар тізімдерін түзету, сайлаушылар тізімдерін ай сайын салыстырып тексеру, сайлаушылар саны туралы есептерді тоқсан сайын дайындау. Электрондық шаруашылық кітаптарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе педагогикалық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе денсаулық сақтау немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе қызметтер немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс интеграцияланған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты іріктеудің және өткізудің уақытша қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Бос лауазымға өтінімдерді қабылдау (жауап беру) мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін бес жұмыс күнін құрайды.

Іріктеуге қатысу үшін үміткер жеке сәйкестендіру нөмірін және ЭЦҚ енгізу арқылы жүйеде тіркеледі.

Өтінім беру кезінде үміткер іріктеуді өткізу тәртібімен танысады және осы Қағидалардың талаптарын сақтайды, сондай-ақ ЭЖІ қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

Үміткер ЭЖІ деректерінің дұрыстығын тексереді, әрбір еңбек жазбасы бойынша функционалдық бағытын көрсетеді, қажет болған жағдайда мәліметтерді толықтырады және түзетеді.

Іріктеуге қатысу үшін үміткер өзінің техникалық жабдықтарын (компьютердің, интернет жылдамдығының кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камераның, микрафонның және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандырудың болуы) пайдаланады.

Үміткер жүйеде бос лауазым туралы хабарландыруға өтінім беру арқылы конкурсқа қатысуын растайды.

Жалпы конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден алдын ала өткен үміткерлер жіберіледі.

Үміткердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификатының болуы жүйемен айқындалады.

Мемлекеттік қызметшілерге және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу сертификаты талап етілмейді.

Жеке қасиеттерді бағалау жүйеде көзделген кестеге сәйкес жүргізіледі. Үміткердің жеке қасиеттерін бағалаудан өту күні мен уақыты жүйемен автоматты түрде айқындалады, тиісті хабарлама жеке кабинетіне жіберіледі.

Жеке қасиеттерін бағалаудан өту басталардан бір сағат бұрын жүйемен қатысушының жеке кабинетіне, электрондық поштасына және ұялы телефон нөміріне тиісті ескерту-хабарлама жіберіледі.

Жеке қасиеттерін бағалаудан өту үшін үміткер жеке кабинетке ескерту-хабарламада көрсетілген уақыттан кешікпей кіреді.

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңі үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін екі бөлек тестілеу кезеңінен тұрады.

Конкурстық комиссиямен әңгімелесуге конкурстың алдыңғы кезеңдерінің нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған үшеуден артық емес үміткер жіберіледі.

Әңгімелесу кезеңіне жіберілген үміткерлерге кадр қызметі жүйе арқылы әңгімелесу өткізу күні, уақыты және сілтемелері көрсетілген хабарламалар жібереді.

Үміткерлермен әңгімелесу жүйе арқылы жеке қабинетке жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі.

Бірнеше бос лауазымдарға арналған конкурсқа қатысатын үміткер әрбір бос лауазым бойынша жеке әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының мүшелері бос лауазымға үміткерге алдыңғы жұмыс орындарының қызметтік функционалдық бағыттарына сәйкес үміткермен байланыс орнатуға және орналасуға арналған жеке қасиеттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қояды.

Әр үміткермен әңгімелесу ұзақтығы 15 минуттан аспайды.

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

Дата публикации
05 декабря 2023
Дата обновления
05 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы