Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауы

Ағымдағы жылы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйекдағы № 177 Жарлығын орындау жұмысы жалғастырылуда. Байқаудың негізгі маңыздылығы елімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін, бизнес-құрылымдардың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту мен еліміздің дамуына қосқан үлесін көпшілікке тарату болып табылады.

Байқау «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы және Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылады.

Біржан сал ауданың құрметтi жұмыс берушiлерi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң басшылары!

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз 2020» республикалық конкурсы жарияланды.

Қазақстанда тәуелсiздiк жылдары iшiнде мемлекет пен бизнес арасында берiк серiктестiк қатынастың iргетасы қаланды. 2008 жылдан бастап, мұндай санқырлы әрекеттестiктiң индикаторы болып мемлекет Басшысы бекiткен әлеуметтiк жауапкершiлiк жөнiндегi «Парыз» конкурсы болып табылады. Бүгiнгi күнi нарықтық экономиканың қазақстандық үлгiсi — ол азаматтардың, бизнес пен мемлекеттiң мүддесi үйлесiмдi байланысатын, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi елдiң нық дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясының маңызды бөлiгi ретiнде мойындалған әлеуметтiк тұрақты қоғам.

Конкурсқа бизнес-құрылымдардың қатысу үрдiсi кәсiпорын беталысының әлеуметтiк бағытталған үлгiсiн құруға, өңiр мен ауылдардың инфроқұрылымын дамытуға, әлеуметтiк салада көрсетiлетiн қызметтердi кеңейтуге белсендi ықпал етедi. Экологияға, лайықты еңбек жағдайын құруға, жалақы төлеудiң жаңа принциптерiн енгiзуге, әлеуметтiк саланың жаңа жұмыс iстеу әдiстерiне, еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк техникасына қаржы құятын компаниялар ең үлкен капиталдануға қол жеткiзетiнiн уақыт көрсетуде. Конкурсты ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының кәсiподақтар Федерациясы.

Конкурсты өткiзудiң мақсаттары:

1) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн өз қызметкерлерi үшiн, сол секiлдi тұтас алғанда қоғам үшiн де әлеуметтiк мәселелердi шешуге ынталандыру

2) осы саладағы қолда бар аз тәжiрибенi көрсету және кеңiнен тарату.

Конкурсқа жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi де қатыса алады. Үмiткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның iшiнде ұйым қызметкерлерiнiң әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларын ұсынуға тиiс.

Конкурс лауреаты атағы 2 санатта берiледi: шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi.

Конкурс лауреаттары келесi номинациялар бойынша анықталады:

"Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкiндiктерi шектеулi адамдарды әлеуметтiк бейiмдеуге және тұтас алғанда қоғам әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, еңбектi қорғауды, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлау, мүмкiндiктерi шектеулi адамдарды жұмысқа орналастыру жүйесiн ұйымдастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады;

«Еңбектi қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын». Бұл номинацияда үмiткерлердiң еңбек қызметi үрдiсiнде қызметкерлердiң денсаулығын сақтауға мүмкiндiк беретiн қызметi қаралады;

«Үздiк ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Экологияға қосқан үлесi үшiн» Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

 Сiздердi «Парыз — 2020» конкурсына қатысуға шақырамыз.

Өтiнiм берiп, құжаттарды ресiмдеу үшiн Біржан сал көшесi, 76 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Біржан сал ауданың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ жүгiнулерiңiздi сұраймыз. Өтінімдер 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

Анықтамалар үшiн телефондар: 2-13-62.

Электрондық мекен-жай: oz_sp.enbek@bk.ru

Дата публикации
19 июня 2020
Дата обновления
19 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы