Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғауға жалпы тәсілдері айқындалды

Электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жалпы тәсілдерін айқындайтын Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ұсынымы күшіне енді.

Ұсыным ережелері Еуразиялық экономикалық комиссия өткізген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының ауқымды сауалнамасының нәтижелеріне негізделген және интернет-алаңдарда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде сатып алушылар тап болатын ең негізгі мәселелерге бағытталған.

ЕЭК электрондық сауда алаңдарының операторларына және өз тауарларын, көрсетілетін қызметтерін, жұмыстарын интернет-алаңдар арқылы өткізетін сатушыларға мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тұтынушылардың құқықтарын сақтауды ұсынады.

Сондай-ақ, электрондық сауда алаңдары операторларының өз тауарларын, көрсетілетін қызметтері мен жұмыстарын сатып алушылар мен өткізетін сатушылар арасында туындайтын дауларды шешуге және коммуникацияға жәрдемдесу қажеттігі атап өтіледі. Бұл ретте, тауарларды электрондық сауда арқылы өткізетін сатушылар өз қызметі бағдарланған елдің заңнамасына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін жауаптылықта болуы қажет.

Егер сатып алушы тауардан бас тартуды шешсе, оның тауардан (жұмыстан, қызметті орындау нәтижесінен): оны бергенге дейін кез келген уақытта, ал тапсырғаннан кейін кемінде күнтізбелік 14 күн мерзімі ішінде бас тарту мүмкіндігі болады. Бұл ретте, ақша қаражатын қайтару 7 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте, тұтынушының электрондық саудадағы дауларды шешудің екі нұсқасы бар: тұрғылықты жері бойынша дауларды шешу үшін немесе дауларды онлайн-шешуге арналған мемлекеттік ақпараттық ресурстары арқылы тікелей құзыретті органдарға (Қазақстанда бұл Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері) жүгіну. Тұтынушылардың шағымдарын электрондық сауда алаңдарының операторлары, интернет-дүкендер, сатушылар олар ұсынылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарауға тиіс.

Аталған тәсілдер сатып алушыны дәстүрлі, сондай-ақ электрондық әдіспен де тауарларды сатып алу кезінде бірдей кепілдікпен және құқықтарды қорғаумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Дата публикации
22 июня 2023
Дата обновления
22 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы