Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметі туралы ақпарат

Біржан сал ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті Біржан сал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және аудандық кітапхана жүйесінде қызмет атқару болып табылады.

Аудан бойынша 14 клубтық кәсіпорын, оның ішінде Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйі, Казгородок, Баймырза ауылдық мәдениет үйлері, 11 ауылдық клубтар, 20 кітапхана: 1 –аудандық кітапхана, 1 –  балалар кітапханасы, 18 – ауылдық кітапханалар қызмет атқаруда. 

Аудандық мәдениет үйінде «Ветеран» халық хоры, «Ақ жаулық» әжелер клубының хоры, «Көкек» фольклорлық ансамблі,  «Времена года» вокалды инструменталды ансамблі, «Милениум», «Капелька», «Сюрприз», «Ерке», «Эллегия» триосы, «Отрада», «Арулар» дуэттері, «Назқоныр» квартеті, «Коробейники» орыс фольклорлық ансамблі, сақау-саңыраулар қоғамының клубы  қызмет көрсетуде

 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанында «Тілдерді оқыту орталығы» жұмыс атқаруда. Орталықта мемлекеттік қызметшілермен қатар кез келген азаматтық қызметшілерге мемлекеттік және ағылшын тілдерін, латын графикасын меңгеруге барлық жағдай жасалған.

 Бүгінгі таңда орталықта 2019-2020  оқу жылы 12 топта 122 тыңдаушы білім алуда. Мемлекеттік тілді меңгеріп жүрген 78 тыңдаушы, латын графикасын оқып жатқан 28, ал ағылшын тілінен сабақ алып жатқандар саны 16, олардың  ішінде  мемлекеттік қызметшілер -65, азаматтық қызметшілер -57, 44 - өзге ұлт өкілі болса, қалған 78-і жергілікті ұлт құрайды.

Ай сайын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен 26 мемлекеттік органдарда, Степняк қаласы мен 14 ауылдық округ, ауыл әкімдері аппараттарындағы  кіріс және шығыс құжаттары бойынша мониторинг жасалып, іс жүргізу жұмыстары басты назарға алынған.

2020 жыл Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойының салтанатты ашылуымен басталды.  Мәлік Ғабдуллин музейі мұрындық болған қалалық Абай атындағы № 2 қазақ орта мектеп оқушылары және музей қызметкерлерінің қатысуымен «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.   Осылайша басталған шара Біржан сал атындағы мәдениет үйінде музей ұжымының қатысуымен Біржан сал ауданының мәдениет үйінің ұжымы және білім саласының қызметкерлерінің бірлескен «Абай даналығы сал серілер мекенінде» атты әдеби сазды кешпен жалғасын тапты.  Әдеби-танымдық өнер кеші Абай хакім мен Біржан салдың кездесулері көрініс тапқан прологпен басталып, іс-шара барысында Абай әндері, өлендері мен қара сөздері орындалды. Сонымен қатар қаңтар айында

ауданымызда Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты - әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нұрлан Әлімжанов мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

         Жалпы жыл басынан мерейтойлық іс-шаралар  қатарына сәйкес мыңнан артық іс-шаралар өткізілді, олардың ішінде Абай Құнанбайұлының 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдықтарына, Алғыс айту, отбасы күндеріне  арналған дөңгелек үстелдер, кездесулер, поэзия кештері, ойын-сауық кештер. Аудан жастары арасында «Жігіт сұлтаны», «Биле Жастық» байқаулары өткізілді. Барлық кітапханаларда тақырыпты кітап галереялары безендірілді.

Сәуір айында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай авторлық арнау челленджін  жарияланып бүгінгі күні бөлімнің әлеуметтік желілерінде алты қатысушыларының, атап айтқанда Мәнсия Абжанова, Мұхтархан Дәулет, Әбуов Руслан, Ермұрат Қойшыбай, Зейнель Отангүл, Гүлмира Смағұловалардың арнаулары орналастырылды. Бүгінгі күні челлендж жалғасуда.

Мамыр айында бөліммен «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға-сауаттылық» атты аудандық акциясын жарияланып жыл сонында акцияға белсенді қатысқандар арнайы марапатталады.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізуіне байланысты наурыз, сәуір, мамыр айлары аралығында іс-шаралар онлайн форматта өткізілді. Мерекелік іс-шараларға орай 5 онлайн концерт ұйымдастырылып, барлық іс-шаралардың саны - 1189.  Барлық өткізілген іс-шаралар бөлімнің, аудандық кітапхана, аудандық мәдениет үйінің, тілдерді оқыту орталығының әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

Дата публикации
05 июня 2020
Дата обновления
05 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы