
Ақмола облысы Біржан сал ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін 2014 жылдың 4 қаңтарында бастады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні жастарға қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету, сондай-ақ белсенді жастар тобы және жастар үкіметтік емес ұымдарды дамыту үшін өзге де ресурстық және қызметтер (ақпараттық, оқыту, материалдық, техникалық және т.б.) түрлерін ұсыну болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты жастарға әлеуметтік көмек көрсету қызметтін жүзеге асыру, рухани, денсаулық дамуына, кәсіби даярлығы мен өзінің интелектуалдық және шығармашылық әлеуметіндегі мүмкіндігін жүзеге асыру үшін қажетті экономиқалық, әлеуметтік, құқықтық жағдай жасау, сондай-ақ аудан деңгейінде жастар саясатын іске асыру саласында туындайтын мәселелерді шұғыл шешу болып табылады.
Біржан сал ауданының жастар ресурстық орталығының штаты 4 бірлікті құрайды (директор, әдістемелік мәселелер жөніндегі маман, әлеуметтік желілер жөніндегі маман, есепші). Жастармен жұмыс істеудің негізгі нысандары атаулы жұмыс, консультациялық көмек көрсету, жастардың қажеттілігі негізінде әлеуметтік жобаларды іске асыру, бос уақытты ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жастардың еріктілігін дамыту және жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып табылады.