
Аудан бойынша 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында жалпы өнім (тауар, қызмет) көлемі 9048,3 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімін өндірудің НКИ-142,0 % құрайды. НКИ-ның өсуіне "Көкше-цемент" ӨБ ЖШС цемент өндірісінің артуы әсер етті.
"Семізбай" ЖШС-уранды барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау. Жобаны іске асырудың басталуы 2007 жыл. 2009 жылдың соңында объект пайдалануға берілді, жылдар бойынша өнім шығару: – 2010 жылы – 250 т., 2011 жылы – 400 т., 2012 жылы – 500 т., 2013 жылы – 506,6, 2014 жылы – 436,8, 2015 жылы – 438,6, 2016 жылы – 509,0 тонна, 2017 жылы – 427,0 тонна, 2018 жылы – 407,0 тонна, 2019 жылы – жылына 406,0 тонна уран өндіруді құрады.
Уран өндіру жаңа технология бойынша, сілтілеу әдісімен жүргізіледі. Геотехнологиялық алаңда күкірт қышқылы айдалатын ұңғымалар бұрғыланады. Қанығуына қарай өнімді ерітінді қайта өңделетін және кейін зауытқа тасымалданатын цехқа айдалады.
2020 жылдың 4 айында ЗОУ (уран тотығының шала тотығы) шығарылымы 2206,7 млн.теңге сомасына 143,0 тоннаны құрады. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде өндіру-2083,3 млн. теңге сомасына 121,0 тоннаны құрады.
Қызметкерлер саны-289 адам. Орташа айлық жалақы-334,7 мың теңге.
"Өркен-Атансор" ЖШС - темір кенін өндірумен және байытумен айналысады. Атансор кен орны темір рудасының перспективалы қорлары 45 млн.тоннадан астам құрайды. Шикізаттың сапасын арттыру және тиеу алаңында тұрып қалуды болдырмау мақсатында кептіру кешені салынды.
Қазіргі уақытта жұмыс істейтіндер - 374 адам
Орташа айлық жалақы-142,2 мың теңге.
2020 жылдың 4 айында агломерацияланған кен өндіру-208,2 мың тонна, сомасы 2108,6 млн. теңге. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде темір кенін өндіру-903,4 млн. теңге сомасына 164,8 мың тоннаны құрады.
"Көкше-Цемент" ӨБ ЖШС-қуаты жылына 2 млн. тонна цемент зауытының құрылысы аяқталды. Зауыт құрылысының жобалық құны 63,1 млрд.теңге.
Жұмысшылар саны: барлығы 693 адам.
Орташа айлық жалақы-127,5 мың теңге.
2020 жылғы қаңтар-сәуірде 2784,6 млн. теңгеге 189,2 мың тонна портландцемент алынды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде - 92,3 мың тонна 1471,0 млн.теңге сомасына.