
2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында аудан спортшылары келесі спорттық іс-шараларға қатысты.
5 облыстық жарысқа 99 адам қатысты.
7 аудандық жарысқа 680 адам қатысты.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 58 дене шынықтыру ұжымдарының жұмысын үйлестіреді, шұғылданушылар саны 4226 адам, дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 30,1% құрайды.
Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін ауданда 81 спорт ғимараттары бар,оның ішінде: 18 спортзал, 1 ату тирі, 36 жазғы алаң, 6 хоккей корты, 12 алаң, 7 жапсарлас спорт зал, 1 спорт кешені. Негізінен, барлық спорттық база жалпы білім беретін мектептердің спорт залдары мен жазықтық құрылыстарынан тұрады. Ауданда хоккей корты, футбол және волейбол алаңы бар стадион жұмыс істейді.
Спорт резервін дайындау жұмыстарымен 353 оқушы шұғылданатын аудандық БЖСМ айналысады. Спорттың 6 түрі бойынша секцияларда: баскетбол, қазақ күресі, президенттік көпсайыс, шахмат, тоғыз құмалақ, футбол, оқу-жаттығу процесін 14 жаттықтырушы жүзеге асырады.