
Біржан сал ауданының «Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп) жергілікті атқарушы орган көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.
Барлығы мемлекеттік қызмет көрсетілді-69 оның ішінде: "электрондық үкімет" порталы арқылы-51 қызмет.
Ауылдық әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 177 электрондық қызмет көрсетілді.
"ЭЦҚ қашықтықтан алу","Мобильді азаматтар базасында тіркеу", "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу", "Соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру", "Тұрғылықты жері бойынша тіркеу", "Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу", "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру", "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін.
2.Қызмет алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" Заңына сәйкес халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпан айында "Fecebook" аудандық парақшасында "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы бір мақала жарияланды. Мамыр айында "Сервистік әкімдік" платформасында жауапты тұлғалардың қатысуымен "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметі бойынша тікелей эфир өткізілді.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мақсатында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
2020 жылғы 17 қазанда Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді көздейтін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгеріс енгізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. «Сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Барлық сұрақтар бойынша 87163925107, 87163925209 байланыс телефондарына хабарласыңыз.
Үлгі ауылдық округі әкімі Р.Абжанова