Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Біржан сал ауданының «Кеңащы ауыл әкімінің аппараты» ММ-мен 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

 

  • Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер -ұйымның атауы:  

Біржан сал ауданының «Кеңащы  ауыл   әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Кеңащы ауылы Ақан сері 33, байланыс телефондары 8/71639/ 3-02-49.

Ауыл әкімі Самат Қайырбекұлы Бермағамбетов

Мемлекеттік қызмет көрсететін маман:

Мәриям Мұхамбедияқызы Нұрмағамбетова.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Біржан сал  ауданының  «Кеңащы ауыл әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің  6 түрін көрсетеді:

  1. «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  3. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;
  • «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
  1. "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту".

Ауыл әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov»1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 56 электрондық қызмет көрсетілді.

  • Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

      «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Қашықтан ЭЦҚ алу», «ЭЦҚ-ны қашықтан алу», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу»,  «Невропсихиатриялық ұйымнан анықтама беру», «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру», «Бірынғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтары» , «Пайдаланушыны азаматтардың мобильдік базасында іздеу»,«Жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санатттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама», «Жылжымайтың мүліктің жоқтығы туралы анықтама»,«Баланың туылғаның тіркеуге электронды өтінішті тапсыру»,«Соттылықтың болуы немесе болмауы  туралы анықтама».

 

2.Қызмет алушылармен жұмыс

1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат Кеңащы ауыл әкімі аппаратының ғимаратындағы стендте, ақпараттық  баннерлерде орналастырылған. Аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.

     2)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

    Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

    «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

     2022 жылы  шілде айында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрменкесіне Кеңащы ауыл әкімінің қатысуымен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».Аудан әкімінің Facebook және Instagram парақшаларындағы Біржан сал ресми сайтында «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі бойынша мақалалар орналастырылған.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

    1)Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

     2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

    2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

    2022 жылы көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

    4.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

        Көрсетілетін қызметті алушылардың сапа, уақытылылық , қанағаттану

критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметтер қөрсету үдерісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттық стендтерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету (бұқұралық ақпарат құралдарында материалдарды жариялау) мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.

     Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді:мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады.

 

 

 

Кеңащы ауыл әкімі                         С.Бермағамбетов

 

Дата публикации
23 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы