Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

«Заозерный ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп Біржан сал ауданының 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

Жалпы ережелер

 1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Біржан сал ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылға арналған  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, «Заозерный ауылы әкімінің аппараты» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген. 

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Заозерное ауылы, шағын аудан, 30 құрылыс.

Тел.: 87163925555.

Заозерный ауылы  әкімі:  Мешелов Амангельды Толеуович

Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар:

Жукова Ольга Владимировна- бас маман

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

- мемлекеттік қызметтер саны: ауыл әкімінің аппаратымен 6 қызмет көрсетіледі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Заозерный ауылы әкімінің аппараты» ММ «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» Мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 5 өтініш және «Жер учаскесіне кезекке қою» 7 көрсетілетін қызмет түсті

Заозерный ауылы әкімінің аппаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 57 электрондық қызмет көрсетілді. Сондай-ақ Facebook-тің «Заозерный ауылы әкімнің аппараты» әлеуметтік парақшасында Мемлекеттік қызмет көрсетудің қанағаттану деңгейі бойынша сауалнамадан өтуге сілтеме орналастырылды.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы анықтамалар сұранысқа ие болды:

«Жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы анықтама», «Салымшының ақша қаражатының түсуі бойынша анықтама», «Психоневрологиялық мекемеден анықтама», «Наркологиялық мекемеден анықтама», «Соттылығының болуы (болмауы) туралы анықтама», «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама», «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға тартудың болуы (болмауы) туралы анықтама», «ЭЦҚ қашықтықтан алу».

 

 

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің стендтерінен алуға болады. Аудан әкімінің сайтында Біржан сал www.enbek-akmola.gov.kz. аудан әкімінің Instagram және Fecebook парақшаларында, сондай - ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

 Әлеуметтік желілерде халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік орган қызметкерлерімен тікелей эфирлер өткізілді. «Ақмола-адалдық аланы» жобасы аясында ауыл әкімі А. Т. Мешелов тамыз айында «Елді мекен шегінде құрылыс салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін түсіндіру бойынша 1 сөз сөйледі (екінші кезең)

Біржан сал ауданы әкімі аппаратының «Facebook» ресми парақшасында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 мақала, «Заозерный ауылының аппараты» Facebook парақшасында 2022 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша 4 Ақпараттық мақала және «Жер учаскесіне кезекке қою» 1 ролик жарияланды.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2022 жылы Мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» арқылы көрсетілді

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Қызметтердің 5 түрі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген қағидалар мен стандарттарға сәйкес көрсетіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2023 жылы барлық жоспарлы көрсеткіштер Орындалатын болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін «Сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілді, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады. Туындаған барлық сұрақтар бойынша 87163925555 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

 

Заозерный ауылының әкімі                          Мешелов А. Т.

Дата публикации
23 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы