
I.Жалпы мәліметтер:
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер –ұйымның атауы:
Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы Антаев көшесі 22/1, байланыс телефондары 8/71639/ 2-22-11; 2-16-90.
Әкім: Азамат Касымович Аутенов
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар:
Жахин Рустем Булатович- бас маман
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88 Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» ММ өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 қыркүйектегі № 726 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
- жер қатынастары саласында - мемлекеттік қызметтің 6 түрі;
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Барлығы - 80 Мемлекеттік қызмет көрсетілді; «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» АҚ арқылы - 7 қызмет, «Электрондық үкімет» порталы арқылы - 71 қызмет, қағаз түрінде - 2 Мемлекеттік қызмет, ақпараттық жүйе арқылы – 0
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер
Барлығы 2022 жылы көрсетілген - 80 қызмет, неғұрлым сұранысқа ие болып табылады:
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет ережелерін және стандарты негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Барлық көрсетілген - 4 қызмет сұранысқа ие болып табылады.
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет ережелерін және стандарты негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Барлық көрсетілген қызметтер- 7, қызмет сұранысқа ие.
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережелерін және стандарты негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Барлық көрсетілген қызметтер-67, қызмет сұранысқа ие.
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазаны № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет ережелерін және стандартының негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация және Мемлекеттік орган арқылы көрсету нысаны. Барлық көрсетілген қызметтер-0, талап етілмеген қызмет.
- «Жер учаскесін бір рет немесе бөліп-бөліп сату» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет ережелерін және стандарты негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация және Мемлекеттік орган арқылы көрсету нысаны. Барлық көрсетілген қызметтер-1, қызмет талап етілмеген.
- «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 662855 сұраққа бекітілген Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережелерін және стандарты негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік орган арқылы көрсету нысаны. Барлығы 1 қызмет көрсетілді, талап етілмеген қызмет.
II.Көрсететін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Біржан сал ауданы әкімінің ақпараттық порталында «Мемлекеттік қызмет көрсетулер» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі жөнінде толық ақпарат Степняк қаласы аппаратының ғимаратында орналасқан стендтерге жайғастырылған.
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілген барлық қызметтер бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
Степняк қаласының әкімінің аппараты қала тұрғындарымен Қазақстан Республикасының egov.kz электрондық үкімет сайтында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімінде «Жұрт алдында талқылау» тұрақты талқылау жұмыстары өткізіледі.
Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкіміні аппараты» ММ- нің мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылармен мемлекеттік қызметтерді көрсету процесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сұрақтар түскен кезде нақты, тиянақты жауап береді және ола есепті кезеңнің нәтижелерін көрсетіп, ұсыныстар енгізіп отырады.
III. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдір жөніндегі қызмет.
Сапа критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, қызметтер алушылардың уақытылығы, қанағаттанушылығы, мемлекеттік қызметте көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік органдардың қызметтерін әрі қарай жетілдіру мақсатында 2022-2023 жылдарға арналған бекітілген іс-шаралар, мемлекеттік қызметтер көрсету ережелерін және стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі және электронды қызмет алудың кең таралуы туралы хабардар ету (бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау) жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ.
Қызмет алушылар тарапынан арыздартүскен жоқ (қосымша):
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылар шағымдары жөнінде ақпарат
|
Шағым беруші туралымәлімет |
Шағым мәнісі |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қаралған күні |
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі |
Қабылданған шешім |
Қабылданған Шешімді қайта қарау туралы мәлімет |
||
|
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
||
Мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Біржан сал ауданының«Степняк қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың ақпан-наурыз айларында мемлекеттік қызметтер көрсетулер саласында мемлекеттік мекеме қызметінің есебіне көпшілік талқылау өткізіледі.
2022 жылға есеп аудан әкімінің сайтына жарияланатын болады. Қызметтер көрсетулер саласындағы мемлекеттік мекеме қызметі жөніндегі пікірлерді, ұсыныстарды, ескертулерді аудан әкімі сайтының арнайы блогына www.enbek-akmol.gov.kz орналастыруға немесе Біржан сал ауданының «Степняк қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің өкілетті органының тұрған жері бойынша демалыс және мерекелік күндерден басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен беруге болады. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Антаев көшесі, 22/1. Байланыс телефондары: 8 (716 39) 2-22-11, 8 (716 39) 2-16-90.
Степняк қаласының әкімі А. Аутенов