
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есебі.
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бағынысты мекемесінің 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп) мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің 24 түрін және 31 түршелерін көрсетеді.
Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өзіне-өзі қызмет көрсетудің "E-gov"1 бұрышы орнатылған. 2022 жылы Біржан сал ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 1129, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ арқылы - 441, электрондық үкімет порталы арқылы – 477, көрсетілетін қызметті беруші арқылы тікелей қағаз түрінде – 95, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы -116 қызмет.
«Еңбек иммигрантына рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу», «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру», «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру».
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін бағынысты мекемесінің стендінен, сонымен қатар Біржан сал аудан әкімінің ресми сайтында, аудан әкімінің Instagram және Fаcebook парақшаларында алуға болады.
Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады
«Aqmola adaldyq alańy» жобаларының аясында қызмет көрсету аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік орган қызметкерімен халыққа қажетті қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізілді, мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерімен дөнгелек үстелдер өткізілді
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар тіркелген жоқ.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты 87163922129, 87163921362 телефондары арқылы алуға болады немесе Біржан сал ауданы, Степняк қ., Біржан сал көшесі, 76 үй мекен жайы арқылы алуларыңызға болады.