
Ағымдағы жылы, құрметті зейнеткерлік демалысқа, 01 қаңтар 1961 ж-30 маусым 1961ж аралығында туған әйелдер шыға алады. Зейнетақы төлемін уақытында алу үшін, төлем түріне өтініш тапсыру керек. Қалай өтініш тапсыру керек екенін біздің материалдан оқыңыз.
Әйелдердің зейнет жасының кезең-кезеңімен өсуі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету » туралы 21 маусым 2013ж №105-V Заңының 11 бабына сәйкес қарастырылған.
Осыған сәйкес 2020 жылы, 01 қаңтар 1961 ж - 30 маусым 1961ж аралығында туған әйелдерге яғни 59 жас 6 айға толған уақытта зейнеткерлік төлем тағайындалуға құқығы бар.
Жоғарыда көрсетілген санатқа жататын әйелдерге зейнетақы төлемін тағайындауға уақытында жүгіну керек екенін естеріңізге саламыз.
Зейнетақы төлемін тағайындауға құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облыстық филиалының ХҚКО бөлімдеріне 59 жас 6 айға толуына 10 күн қалған мерзімде тапсыру керек.
Егер зейнеткерлік жасқа Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін толып, бірақ құжаттарыңызды тапсырып үдлгермесеңіз Сіз ештеме жоғалтпайсыз. Өтініш беруші төтенше жағдай режимі аяқталғаннан соң үш ай мерзімінде қажетті құжаттарымен өтініш тапсыра алады. Бұл жағдайда төлем Сіздің зейнеткерлік жасқа толған уақытыңыздан бастап тағайындалатын болады.
Сұрақтарыңыз болса, «Азаматтарға арналған үкімет» байланыс орталығының әлеуметтік сала бойынша 1411 номеріне хабарласуыңызға болатынын естеріңізге саламыз. Жұмыс уақыты күн сайын 9.00 ден 20.00 сағат аралығы.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы