
Ақмола облысы Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
Біржан сал ауданы Бірсуат ауылдық округі әкіміне
кандидатты тіркеудің күшін жою туралы
№ 10/34 ХАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 02 ақпандағы №2/876 ҚБП арнайы тексерудің теріс нәтижесі туралы жауабы негізінде кандидаттың дәйкесіз мәліметтер берілуіне байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 11-тармағының 7 тармақшасына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1.Біржан сал ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Ақмола облысы Біржан сал ауданы Бірсуат ауылдық округі әкіміне кандидат Сарбасов Әлібек Мерекеұлын тіркеу бөлігінде тіркеу туралы 2023 жылғы 22 қаңтардағы №10/21 ХАТТАМАСЫ жойылсын.
2.Кандидатты тіркеуден шығару туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Біржан сал ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 07.02.2023 жылғы №10/31 ХАТТАМАСЫНЫҢ күші жойылсын.