
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және жолын кесу мақсатында азаматтар мен көліктің қозғалысы, кәсіпорындардың, сауда үйлерінің жұмыс істеуі бойынша енгізілген шектеу шаралары барлық жерде қабылданған оң нәтижелер береді. Олар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және вирустың таралуын тоқтату үшін қажет.
Осыған байланысты, біздің ауданда 13 сәуір күні сағат 21.00-ден бастап үш бағытта блокпосталар жұмыс істей бастады.
Аталған блокпостқа аудандық полиция бөлімі жеке құрамының қызметкері, ауданның әскери міндеттілері мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Олар Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің 14.04.2020 ж. №29 қаулысына сәйкес карантин режимін сақтау бойынша жұмыстар жүргізуде, атап айтқанда, азаматтардың шектеу шараларын сақтауын бақылау, Бұланды ауданының аумағына заңсыз кіру фактілерінің жолын кесу. Сондай-ақ, барлық үш блокпоста сағат 21.00-ге дейін аудан әкімдігі қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
Осылайша, Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 2020 жылғы 13 сәуірде сағат 21.00-ден бастап карантин аумағына/аумағынан, Степняк қаласына/нен, әр ауылға/нен кіруге және шығуға, ауданның елді мекендері арасында жүріп-тұруға тыйым салынды (СЭС мамандарының, медицина қызметкерлерінің, полицияның, ЖАО өкілдерінің, адамдардың, тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды, ауыл шаруашылығы өнімдерін, Құрылыс және басқа да материалдарды, медициналық көрсеткіштер бойынша); 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпауға, өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға; азаматтарға тұрғылықты жерінен сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін кетпеуге (жұмысқа шығудан, азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар сатып алудан, медициналық көмекке жүгінуден, 500 метрден аспайтын радиуста үй жануарларын серуендетуден басқа, 30 минуттан артық емес); азаматтарға 21.00-ден 07-ге дейінгі кезеңде тұрғылықты жерінен кетпеуге. (Дәрі-дәрмек сатып алудан, шұғыл медициналық көмек алудан, тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына түнгі уақытта жұмысқа шығудан басқа). Сонымен қатар, азаматтардың аудан, қала бойынша жеке автокөлікпен жүріп-тұруына тыйым салынады.
Құрметті аудан тұрғындары, сізден карантинге енгізілген барлық талаптарды сақтауыңызды сұраймыз, қажетсіз өз тұрғын үйіңізден шықпауыңызды сұраймыз,
барлық талаптарды сақтау қиын емес. Тек ең жоғары өзін-өзі оқшаулау осы қорқынышты аурудың таралуын тоқтата алады.
Үйде қалыңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды сүйіңіз, қорғаңыз!