Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру тәртібі

1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді:
1) Республикалық маңызы бар қала және Астана шекараларының шегінде – республикалық маңызы бар қала және Астана әкімдігі;
2) облыстық маңызы бар қала шекараларының шегінде – облыстық маңызы бар қала әкімдігі;
3) аудандық маңызы бар қала шекараларының шегінде – аудандық маңызы бар қала әкімі;
4) кент шекарасының шегінде-кент әкімі;
5) ауыл (село) шекарасының шегінде – ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі.
2. Өтініште: жер учаскесін пайдалану мақсаты; оның болжамды мөлшері; орналасқан жері; сұралып отырған пайдалану құқығы, Мемлекет бұрын жеке тұрғын үй құрылысына тегін негізде берген басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының азаматы берген өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ал оралман берген оралман куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.
3. Өтінішті қабылдау кезінде талап етуге тыйым салынады басқа да құжаттар мен мәліметтерді осы Ережеде көзделмеген.
4. Өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды не осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, жер учаскесі орналасқан жердегі Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің уәкілетті органдары екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
5. Өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен сәттен бастап екі айға дейін құрайды.
Көрсетілген мерзімге кезеңдер кірмейді:
1) Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;;
2) Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген келісу;;
3) жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу.
6. Өтініш үш жұмыс күні ішінде жер учаскесі орналасқан жердегі Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына бекітілген қала құрылысы құжаттарының негізінде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп, сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін келіп түседі.

7. Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды дайындау мерзімі өтініш келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күніне дейін құрайды.
8. Сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды дайындау жөніндегі материалдарды жер учаскесі орналасқан жердегі Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары Кодекстің 43 – бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияға (бұдан әрі-комиссия) көрсетілген ұсыныс дайындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде береді.
9. Комиссияның қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс комиссияға келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.
Қорытындыны дайындау кезінде азаматтың жеке тұрғын үй құрылысы үшін құқықтары мемлекет берген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі, олар туралы мәліметтерді комиссияға Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің уәкілетті органы береді.
10. Егер комиссия бөліп беруге арналған алаңдардың болмауына байланысты сұралып отырған жер учаскесін пайдаланудың мүмкін еместігі туралы қорытынды шығарған жағдайда, өтініш осы Ереженің 3-тарауына сәйкес арнайы есепке алынады.
11. Комиссияның оң қорытындысының бір данасы Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органы келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі).
12. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда әрбір жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын жасау талап етілмейді.
13. Кодекстің 44-бабының 3 және 6-тармақтарына сәйкес дайындалған және келісілген жер учаскесінің шекараларын қалыптастыру туралы жерге орналастыру жобасын жер учаскесі орналасқан жердегі Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары оны өтініш беруші ұсынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде бекітеді.
Жерге орналастыру жобасы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
14. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі комиссияның оң қорытындысы негізінде Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органы бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейінгі
15. Тиісті жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесін жер учаскесі орналасқан жердегі Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары шешім қабылданған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге табыс етеді (жібереді).

16. Өтініш берушімен уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (жер учаскесінің белгіленген шекаралары болған кезде) жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде жасайды.
17. Жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу өтініш негізінде жүзеге асырылады.
18. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік қызмет стандартында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
19. Жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстары және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі берілетін тұлғаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
20. Қазақстан Республикасының азаматына бұрын оған жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншік құқығымен беру үшін жер учаскесінде салынған жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісі негіз болып табылады.
Оралмандарға бұрын оған жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншік құқығымен беру үшін жер учаскесінде салынған жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісі, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және жеке басын куәландыратын құжатты алу негіз болып табылады.
21. Бұрын уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органға сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жеке меншік құқығымен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтініш береді. Осы тармақта көрсетілген өтінішке Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар жеке куәлігінің көшірмесін, жер учаскесіндегі салынған жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісін және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса береді.
22. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі сәйкестендіру құжатын дайындау және беру үшін негіз болып табылатын салынған жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісі келіп түскен кезден бастап жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде қабылданады.

Дата публикации
15 мая 2020
Дата обновления
15 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы