
Нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – Бағдарлама) 2017 жылға облыстық бюджеттен 24520,8 мың теңге қарастырылған, республикалық бюджеттен 7873,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 6500,0 мың теңге. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыспен қамту шараларымен 1023 адам қамтылды, оның ішінде жұмыссыздар – 176 адам (88 % жоспрдан), өнімсіз өзін - өзі қамтығандар 653 адам (184 % жоспардан), жұмыс іздеушілер санатынан 194 адам (277 % жоспардан) болып табылады.
Бос жұмыс орындарына 632 адам.
Бірінші бағыт: іске асыру шеңберінде жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу
2017жылдың 1 қыркүйекте ТжКБ 23 студент оқуға кірісті, немесе жылдық жоспардан 100% (23 адам). Бағдарламаға қатысушылар оқу орнынан стипендиямен, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып және жол ақысының шығыстары өтеу қарастырылды. 1 қатысушы оқудан шығарылды және мектеп оқушылары қатарына қосылды. 2017 жылы 1- сәуірден басталып бөлінген қаржы соммасы 24520,8 млн тенге. 294 қатысушы қысқа мерзімді оқуға жіберілді, оның ішінде 285 оқуды аяқтады және 119 қатысушы тұрақты жұмысқа орналасты, 9 қатысушы оқудан шығарылды. 24520,8 мың тенге 100 пайыз игерілді. бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Екінші бағыты бойынша іске асыру шеңберінде жалпы соммасы 93 млн. 280 мың тенге. 24 қатысушы микрокредит алды, онын ішінде 20 қатысушы 65 млн. 350 мың тенге АШҚФАҚ және 4 қатысушы 27 млн. 930 мың тенге АКК. Алғаш рет өз бизнесін бастайтын қатысушыларға "Бизнес Бастау" кәсіпкерлік негіздерін оқыту мүмкіндігі бар. Біздің аудан бойынша бұл жобасы 2017 жылы қарастырылмады.
Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемлесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. Әлеуметтік жұмыс орындары: Жоспар бойынша 10 адамға 3 млн. 108 мың тенге қаржы бөлінді. Есеп мерзіміне 11 қатысушы жұмысқа жіберілді, 10 қатысушы жұмысты аяқтады, тұрақты жұмысқа орналасты. 3 млн. 108 мың тенге 100 пайыз игерілді.
Жастар тәжірибесі: Жоспар бойынша 8 адам 2017 жылы 4 млн. 765 мың тенге қаржы бөлінді, жастар тәжірибесіне 23 адам жіберілді, онын ішінде 16 – қатысушы жұмысты аяқтады. 15 - қатысушы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. 4 млн. 748 мың тенге 99,7 пайыз игерілді. Қоғамдық жұмыс орындарына жоспар бойынша 55 қатысушыға 6 млн. 500 мың тенге қаржы бөлінді, бүгінгі күнде 6 млн. 500 мың тенге 100 пайыз игерілді. 41 - қатысушы жұмысты жалғастыруда, онын ішінде 41 – қатысушы жұмысты аяқтады 17 қатысушы тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмысшылардың жалақысын көтеру мен медициналық сақтандыру төлемдерін толық ұстау себебі, жоспар көрсеткіші орындалмады.