Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

БЖТ - өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілерге зор көмек

БЖТ - өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілерге зор көмек

2019 жылы бірінші қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін өзіндік салықтық жеңілдік  —бірыңғай жиынтық төлем өз жұмысын бастайды.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, бірыңғай жиынтық төлем, немесе БЖТ жеке кәсіпкерлер табысынан төмен бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарға арналған. Бұл дегеніміз, егер сіздің кірісіңіз 240 500 теңгеден (күнтізбелік жылда 100 ең төменгі жалақы мөлшері) аспайтын болса, онда Сізге бұл салық режиміне ауысуға болады. БЖТ өзін-өзі жұмыспен қамтыған қала тұрғындары үшін 1 АЕК(МРП) құраса,  0,5 АЕК ауыл тұрғындары үшін. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі есептік көрсеткіш 2525 теңгені құрайды.

Жіберілген БЖТ  бірден төрт бағыт бойынша бөлінеді: 10% - жеке табыс салығы, 20% - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар , 30% - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері, 40% - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жіберіледі.

Бірыңғай жиынтық төлем  басқа да тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғаларға ғана қолжетімді,  бұл ретте олар жалдамалы жұмысшы көмегінсіз және өздерінің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған  ауыл шаруашылық өнімін  іске асыруы қажет.  Егер өзін-өзі қамтушы азамат сондай-ақ заңды тұлғаларға  қызмет көрсететін болса, онда оған жеке табыс салығын толық  көлемде төлеуге тура келеді.

Бірыңғай жиынтық төлем қолданылмайды:

1) жылжымайтын мүліктің коммерциялық  аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға, сауда объектілерін қоса алғанда (жалдау шарттары бойынша);

2) мүлікті жалға ұсынатын тұлғаларға (мүліктік жалдау) тұрғын үйді қоспағанда;

3) жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға;

4) шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, оралмандарды қоспағанда,;

5) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен тұлғалар.

БЖТ енгізу бейресми түрде еңбекпен айналысатын қазақстандықтардың толық көлемде медициналық көмек алуына мүмкіндік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін, олар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, сол жүйеде қатысу өтіліне байланысты базалық төлем алуларына болады, сондай-ақ  егер еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік сақтандыру қорынан  әлеуметтік төлемдер, асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, бала асырап алған жағдайда баланы күту, бір жылға дейінгі бала күтіміне төленетін жүйеге қатыса алатын болады.

 

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды

 үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының Баспасөз қызметі

Дата публикации
15 мая 2020
Дата обновления
15 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы