Логотип Акимата Биржан сал

Меню

Страницы

Статья

Медиация туралы

Медиация туралы

 

Медиация - әлемдегі дауларды реттеудің неғұрлым қарқынды дамып отырған институтының баламалы бір түрі болып табылады. Медиация – азаматтық қоғамның негізі, демократия мен өркениеттіліктің жолы деген пікір бар.

         Медиация - бұл рәсім жанжалдасушы тараптармен келіссөздер жүргізу арқылы, оларды ерікті бейтарап адамның яғни медиатордың сот талқылауына жүгінбей татуластыруы. Медиация процесін бастаған тараптар, оны соңына дейін жеткізуге міндетті емес. Медиатор судьяның өкілдіктеріне ие бола алмайды, шешім қабылдап өз шешімін орындауды міндеттеуге құқығы жоқ. Ол катализатор ретінде жұмыс жүргізеді, келіссөздерді жүргізуге көмектеседі және оны керек арнаға бағыттайды. Медиатор өзінің бейтараптық қабілеттілігі арқасында,  мән-жайларды дұрыс анықтап дауды объективті бағалап, оңтайлы шешім табуға мүмкіндігі бар. Оның үстіне, тараптар екіжақты келіссөздер кезінде оппонентпен бөліспеген ақпаратпен жиі медиатормен бөліседі, және де бұл медиаторға неғұрлым толық сурет жасауға және де істің мән – жайын толық түрде түсінуге көмектеседі. Егер келісімге қол жеткізілсе, медиация қақтығысты шешуге рұқсат беретін (әлемдік мәміле) жазбаша шарт жасаумен аяқтайды. Медиатордың жасаған шешіміне тараптар келіспесе, бұл келісімге қол қоюды міндеттеуге медиатордың құқығы жоқ. Медиация көбінесе отбасылық жағдайда туындаған мәселелерді шешуде кеңінен қолданады.

         Кез – келген даулар, қарама – қайшылықтар ең бірінші эмоциялық жан күйзеліске ұшыратады. Келіспеушілік пен өкпелері үшін екі жақтың біреуі сотқа жүгінеді және де өзінің қаражатын талап арызды жазу үшін, сотта өз атынан төрелік ететін өкілін немесе адвокатын жалдау үшін, мемлекеттік бажды төлелеу үшін (мысалы, жұбайлардың мүлкін бөлу) т.б. жұмсайды. Бірақ сот процессінде, осы жақтар, бұрын бір – біріне жақын жандар болған адамдар (ерлі – зайыптылар, туыстар, достар немесе құрбылар) екі жаққа шығып «әскери қимылдарын» бастайды. Алайда осындай «соғыста» шешімнің кімнің пайдасына болатыны, олардың арасындағы байсалды қарым – қатынастың сақталуына әкеп соқтырмайды. Осы қақтығысты соттың қатысуынсыз шешуге мүмкіндік бар.

         Көптен өркениетті елдерде медиатор арқылы жанжалдарды реттеу тәсілі қолданыста, яғни тәуелсіз адамның көмек іздеген талаптарға жанжалды шешуге жасайтын көмегі. Тәжірибе көрсеткендей, даулардың біраз бөлігі сотқа дейін немесе сот процессі жүріп жатқан кезде кәсіпқой медиаторлардың арқасында тоқтатылады.

         Медияцияның артықшылығы:

-  жанжалды ерікті түрде сотсыз тең құқықты негізде шешу және екі жақ өз уақыттарын, қаражатын, күші мен қуатын  үнемдеуі.

-   жанжал қатаң құпия түрде қарастырылады.

- жешім екі жақтың мүдделерін қанағаттандырған жағдайда ғана қабылданады.

         Медияцияның мақсаты болып табылады:

- даудың шешімінің нұсқасы (жанжал), екі жақтың да мүддесін  де қанағаттандыратын болуы тиіс.

-  тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

         Медияция қайда қолданылады?

  • туындаған дауларда (жанжалдарда), азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын жеке немесе заңды тұлғалардың қатысуымен;
  • онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында.

         Медиация рәсімі қолданылмайды:

  • туындаған дауларда (жанжалдарда), азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын даулар (дау-шарлар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, мұндай адамдарды және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайда;
  • дауларға (жанжалдарда туындайтын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан тараптардың бірінің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен болған мемлекеттік орган болып табылған жағдайда;
  • мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша.

         Медиацияның қолданылу саласы:

  • Отбасындағы даулары;
  • Еңбек даулары;
  • Корпоративтік даулар;
  • коммерциялық даулар;
  • Мектеп жанжалдар;
  • Криминалды дау жәбірленуші және құқық бұзушының арасындағы жанжалдар.
  • Діни даулар,мәдениетаралық даулар;
  • Және де басқа салалар.    

     Біржан сал ауданында кәсіби түрде 2 медиатор жұмыс атқарады.

  1. Абжанов Ниязбек Даулбайұлы -  әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында мамандандырылады.
  2. Байманов Қанат Кемелұлы – әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында мамандандырылады.

     Біржан сал ауданы аппараты әкімінің мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөліміне мына мекен – жай бойынша: Степняк қ., Біржан сал, 23. көшесі кәсіби емес медиатор болуға ынта көрсеткен азаматтар үшін және де оларды кәсіби емес медиаторлардың тізіміне тіркеу үшін жүгіну.

 

Дата публикации
15 мая 2020
Дата обновления
15 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
23 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
Ақпарат
21 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы