
2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды.
2022 жылғы 20 қарашада болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 11 953 465 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 8 278 570 адам қатысқанын хабарлайды, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 13 282 және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 112 969 сайлаушы дауыс берді.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар болып 6 адам дауысқа түсті.
Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар төмендегідей дауыстар санын жинады:
Қазақстан Республикасы бойынша:
Абден Қарақат Жақсылыққызы - 206206 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,60 проценті;
Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы - 176116 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,22 проценті;
Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы - 271641 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,42 проценті;
Қажыкен Мейрам Зекешұлы - 200907 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,53 проценті;
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы - 6456392 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81,31 проценті;
Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы - 168731 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,12 проценті;
«Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдердің саны 460484 немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5,80 проценті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1953 жылы туған, қазақ, Астана қаласында тұратын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып есептелді.
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы