Біржан сал ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 25 маусымдағы
№ а-6/87 қаулысымен
бекітілді
Біржан сал ауданының
«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Біржан сал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
2) Біржан сал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Біржан сал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Жақан Сыздықов көшесі, құрылыс 2А , мекенжайды тіркеу коды 0201300140205700.
Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері,
функциялары мен өкілеттіктері
1) ұйымдардың, мекемелердің, мәдениет кәсіпорындарының желісін дамыту;
2) ұлттық өнер мен халық шығармашылығын қолдау және дамыту;
3) тіл саясатын дамыту;
4) кітапхана желісін дамыту, қорды қалыптастыру және өңдеу;
5) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге;
13.2 Бөлімнің функциялары:
1) мәдениет мекемелерінің және кітапхана жүйесінің қызметін үйлестіреді және басқарады;
2) жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа тілдерін дамыту жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
3) мәдениет мекемелерінің көркем оқу-әдістемелік, ақпараттық әдебиеттермен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді;
4) тілдерді дамыту жөніндегі жұмыстардың және мәдени іс-шаралардың кешенді, күнтізбелік, перспективалық жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
5) кадрларды, клубтық және кітапханалық жүйелерді даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
6) Біржан сал ауданы аумағындағы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың ескерткіштерін қамқорлыққа алуды ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау мен қолдану заңнамаларын сақтауды қамтамасыз етеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11) мәдени-демалыс жұмыстарын, аудандық кітапханалардың жұмыс істеуін, мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуды қамтамасыз етеді;
12) Біржан сал ауданында ақпараттық, білім беру және мәдени іс-шараларды өткізуге жағдай жасайды;
13) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы актілерді әзірлейді және Біржан сал ауданы әкімдігінің шешімімен аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
14) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Біржан сал ауданының елді мекендерінде белгілерді орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
15) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзедi, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгiленген негiздерде және тәртiппен әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолданады.
1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратады және алады;
2) мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және байланыс жүйелерін пайдалануға;
3) жұмысқа, оның ішінде шарттық негізде мамандарды, құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін тартуға;
4) Біржан сал ауданының әкіміне мемлекеттік органдар қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек шартының және ол шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
2.Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, оның ішінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға;
2) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз етуге;
3) азаматтардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, петицияларды, оның ішінде азаматтарды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
4) өзіне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
5) мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
6) қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің
бірінші басшының мәртебесі, өкілеттіктері
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
2) Бөлім қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді және оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Бөлімнің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімшенің атынан өкілдік етеді;
7) Бөлімшенің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың перспективалық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
8) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға міндетті;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімше басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан өзiне бекiтiлген және өзiнiң балансында тұрған мүлiкке иелiк ету, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын дербес жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
Біржан сал ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: