

Біржан сал ауданы аумағында тәуекел тобына жататын балалар мен отбасыларды сүйемелдеу бойынша мобильді ведомствоаралық бригадалардың жұмысы ұйымдастырылды.
Аталған бастама проблемалық жағдайларды уақтылы анықтауға, кешенді әлеуметтік көмек көрсетуге және отбасылармен тұрғылықты жері бойынша консультациялық жұмыс жүргізуге бағытталған.
Бригадалардың қызметі ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылады, бұл әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.