Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
2026 жылғы 30 қаңтарда Біржан сал ауданы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелерге кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты сұрақтар, сондай-ақ жеке сипаттағы материалдар қаралды. Әр мәселе бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, жан-жақты талқыланды және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес құқықтық бағалау берілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Комиссия тиісті шешімдер қабылдады, жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған ұсыныстар берілді.
