Сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 ақпанда өткен Біржан сал ауданы Макинка ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

 

2026 жылғы 8 ақпанда Макинка сайлау округі бойынша Біржан сал ауданының Макинка ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14–бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Макинка ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Макинка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Макинка сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1572 азамат енгізілді, олардың ішінде 983 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 29, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 133. 

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:                           

Ө.Ө. Жомартов – 722; А.Ж. Қаматаева – 99.

Макинка ауылдық округінің әкімі болып Өміртай Өсербайұлы Жомартов, 1969 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Степняк қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

 

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
09 февраля 2026