Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Біржан сал ауданының

Макинка ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды

тіркеу туралы хабарлама

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

  1. Әкімдікке кандидаттар болып тіркелсін:

 

Өміртай Өсербайұлы Жомартовты, 1969 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Степняк қаласында тұратын. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Аймерей Жанатқызы Қаматаеваны, 1994 жылы туған, Біржан сал ауданының «Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Үлгі ауылында тұратын. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Елена Олеговна Чумаеваны, 1989 жылы туған, Біржан сал ауданының «Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Макинка ауылында тұратын. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
Дата публикации
16 января 2026