Кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Макинка ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 13 қаңтарда сағат 18.00-де Біржан сал ауданы Макинка ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы 6 кандидат ұсынылды, оның ішінде 5 (83,33%) - өзін-өзі ұсынды, 1 (16,67%) - «Ауыл» партиясынан ұсынды.

Орташа бәсекелестік - 6 адам.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 18 қаңтарда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
14 января 2026