Ақмола облысы Біржан сал ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

Ақмола облысы Біржан сал ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы

хабарлама

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 бабының 2 тармағына, 23 бабының 5 тармағына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы «Біржан сал ауданы Макинка ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Макинка ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 61 қаулысына, Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 6 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне сәйкес, Біржан сал ауданының сайлау учаскелерінің шекараларын, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамдарын хабарлаймыз.

 

№ 250 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы, Макинка ауылы клубының ғимараты, Валерий Чкалов көшесі, 75 құрылыс, тел: 8 (71639) 2-83-16.

Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы.

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға - Баяшева Эльмира Айтқожанқызы; төрағаның орынбасары – Мишибаева Айслу Әнуарбекқызы; хатшы – Бейсембаева Индира Қайроллақызы; комиссия мүшелері: Вишнева Любовь Анатольевна, Оразова Әсемгүл Қадыркенқызы, Ташмағамбетова Гүлмира Негметжанқызы, Чернявская Анна Александровна.

 

№ 251 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Бұланды ауылы, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің Бұланды орманшылығының ғимараты, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1 құрылыс, тел: 8 (71639) 3-01-75.

Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Бұланды ауылы, Қарағай ауылы.

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайым - Жақыпова Ботагөз Ертайқызы; төрайымның орынбасары - Жүнісов Жанат Ғосманұлы; хатшы – Әбдірахманова Резида Зайдоллақызы; комиссия мүшелері:, Колпакова Галина Викторовна, Садвақасова Мадина Оразғалиқызы.

 

№ 252 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Мақпал ауылы, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Мақпал ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Қарағайлы көшесі, 19 құрылыс, тел: 8 (71639) 2-07-41.

Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Мақпал ауылы.

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайым - Тайшикова Жадыра Алпысбайқызы; төрайымның орынбасары - Рахымжанов Балғабай Балташұлы; хатшы – Шарубаева Диана Қайратқызы; комиссия мүшелері: Бостанова Гүлнара Жұмабайқызы, Құрмашева Әлия Ғаббасқызы.

 

№ 253 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Қоғам ауылы, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Қоғам ауылының Шәймерден Қосшығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1 құрылыс, тел: 8 (71639) 2-02-15.

Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Қоғам ауылы.

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға:- Шәріпова Сания Сайлаубекқызы; төрағаның орынбасары – Доскенов Сайран Жақсылықұлы; хатшы – Бүркітбаева Алтын Қабдоллақызы; комиссия мүшелері: Ашкенова Жамсая Түгелқызы, Тастанбекова Феруза Адаханқызы.

 

№ 254 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Қаратал ауылы, «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Қаратал ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Мағжан Жұмабаев көшесі, 1 құрылыс, тел: 8 (71639) 2-09-70.

Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Қаратал ауылы.

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төрайым - Хамина Гүлнара Қаденқызы; төрайымның орынбасары - Құдасов Төлеген Қазтайұлы; хатшы - Екібасова Айнаш Ермекбайқызы; комиссия мүшелері: Беисова Айымгүл Тоқтарқызы, Рахымов Жанұзақ Хабдылханұлы.

 

№ 784 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы, Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалары үйлестіру басқармасының «Біржан сал ауданы, «Меірім» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Санаторная көшесі, 10 үй, тел: 8(716-39) 2-84-24.

Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Макинка ауылы, Санаторная көшесі, 10 үй.

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Қожахмет Амангелді Қосманұлы; төрағаның орынбасары – Дельхман Евгения Андреевна; хатшы – Коченкова Ольга Александровна; комиссия мүшелері: Банина Татьяна Ивановна, Семейхан Сұнхар.

 

 

Біржан сал ауданының әкімі

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақмола облысы Біржан сал ауданының сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
Дата публикации
08 января 2026