Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 21 қыркүйекте өткен Біржан сал ауданы Уәлихан ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2025 жылғы 21 қыркүйекте Уәлихан сайлау округі бойынша Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14–бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Уәлихан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Уәлихан сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 165 азамат енгізілді, олардың ішінде 119 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 13.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.Қ. Әутенов – 16; Ә.М. Жақыпова – 6, Ә.С. Нұрашева - 82.
Уәлихан ауылдық округінің әкімі болып Әсел Сайлауқызы Нұрашева, 1980 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Ақсу ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы