Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауы бойынша Уәлихан сайлау округінің шекарасы, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы Хабарлама

Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округінің әкімін

мерзімінен бұрын сайлауы бойынша Уәлихан сайлау округінің шекарасы,

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

орналасқан жері мен құрамы туралы

                                                      Хабарлама                                                     

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы «Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлауды тағайындау туралы» № 53 қаулысына сәйкес, Уәлихан сайлау округінің шекарасы, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз:

 

Біржан сал ауданының Уәлихан ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Уәлихан ауылдық округі шекарасындағы Уәлихан сайлау округі.

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Жақан Сыздықов көшесі, 2а құрылыс, 13, 17 каб., тел.: 8 (71639) 2-22-27.

 

Комиссия төрағасы – Шәуенов Серік Жанатұлы; төрағаның орынбасары - Ақышев Қуат Қажыбайұлы; хатшысы – Бермағанбетова Зылқия Қантайқызы; комиссия мүшелері: Баяубаев Саят Аманжолұлы, Мамиков Бектас Өренханұлы, Нәтиева Динара Көпжасарқызы, Нұрғалиев Руслан Наилұлы.

 

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
13 августа 2025