Біржан сал ауданының Донской және Заурал ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауы бойынша
Донской және Заурал сайлау округтерінің шекаралары,
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы «Біржан сал ауданының Донской және Заурал ауылдық округтерінің әкімдерін кезекті сайлауды тағайындау туралы» № 43 қаулысына сәйкес, Донской және Заурал сайлау округтерінің шекаралары, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз:
Біржан сал ауданының Донской ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Донской ауылдық округі шекарасындағы Донской сайлау округі.
Біржан сал ауданының Заурал ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Заурал ауылдық округі шекарасындағы Заурал сайлау округі.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Жақан Сыздықов көшесі, 2а құрылыс, 13, 17 каб., тел.: 8 (71639) 2-22-27.
Комиссия төрағасы – Шәуенов Серік Жанатұлы; төрағаның орынбасары - Ақышев Қуат Қажыбайұлы; хатшысы – Бермағанбетова Зылқия Қантайқызы; комиссия мүшелері: Баяубаев Саят Аманжолұлы, Мамиков Бектас Өренханұлы, Нәтиева Динара Көпжасарқызы, Нұрғалиев Руслан Наилұлы.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы