Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушының
2013 жылғы 1 қарашадағы
№ 859
бұйрығымен бекітілді
Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 521 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) таксимен тасымалдаушы – интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) шағын автобус – жасаушы зауыт көздеген жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын ерекше шағын сыныптағы автобус;
3) инватакси – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған автомобиль;
4) такси – Тасымалдау қағидаларына сәйкес жабдықталған, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңiл автомобиль.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Автокөлік құралдарымен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі
Шағын автобуста жабдықпен жабдықталған және кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі үшін де, мүгедектігі бар адамдармен бірге жүретін адамдар үшін де пайдаланылатын бір есіктің болуына жол беріледі.
3-тарау. Мүгедектігі бар адамдарға такси қызметтерін ұйымдастыру және көрсету
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21-1. Мемлекеттік органдар мен мекемелер отырғызуды, түсіруді жүзеге асыратын немесе мүгедектігі бар адамдарды күтіп тұрған «Мүгедектігі бар адам» тану белгілері бар инватакси үшін өздерінің әкімшілік ғимараттарының аумағындағы автотұрақтарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағидалар 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-тарау. Инватакси қызметтерін көрсету тәртібі
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес инватакси қызметтерін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесі (бұдан әрі-тізбе);
2) тәулік ішінде күндізгі және түнгі уақытта инватаксидің жұмыс режимі, демалыс және мереке күндері;
3) инватакси тасымалы жүзеге асырылатын және диспетчерлік қызмет орналасқан, сондай-ақ оған инватакси қызметтерін көрсететін ұйымның автокөлік құралдары бекітілетін елді мекен;
4) инватаксиді тасымалдау жүзеге асырылатын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін инватакси қызметтері;
5) инватакси қызметтерін көрсететін ұйым мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерінің, оның ғимараттары мен құрылысжайларының (бар болса), қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді, оларға инватакси қызметтерін көрсету кезінде қажетті ыңғайлылықтар мен жағдайлар жасайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) кресло-арбалармен қозғалатын және (немесе) өз бетінше қозғалу мүмкіндігі жоқ мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады;
2) өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігі бар және кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылмаған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26-1. 12 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды инватакси конструкциясында көзделген қауіпсіздік белдіктерінің көмегімен баланы байлауға мүмкіндік беретін арнайы балалар ұстау құрылғысы немесе өзге де құралдар болмаған кезде, ал арнайы балалар ұстау құрылғысы болмаған кезде инватаксидің алдыңғы отырысында инватакси тасымалдауға жол берілмейді.
Ескерту. Қағидалар 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26-2. Жергілікті атқарушы орган ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инватаксидің орындалған жұмыстарын растайтын мүгедектігі бар адамдардың нақты қолдары, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын растау үшін мүгедектігі бар адамдардың өтінімдерінің жазбалары бар маршруттық парақтарды жинауды жүзеге асырады.
Ескерту. Қағидалар 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
2) «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
3) құрылымында психикалық тұрақты мінез-құлықтағы анағұрлым бұзылысы бар, «Аутистік спектрдің бұзылуы F84.0-F84.5» диагнозы, «Ақыл-ой кемістігі F70-F79» диагнозы.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.08.2023 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Көлік министрінің м.а. 15.05.2024 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Қызметті алу үшін мүгедектігі бар адам инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;
3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 32922) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.
2), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мүгедектігі бар адамға қайтарылады.
Жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігі жоқ және (немесе) осы Қағидалардың 28-тармағының 3) тармақшасына сәйкес медициналық көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адам ілесіп жүретін адам болған кезде инватаксиді тасымалдауға жол беріледі.
Мүгедектігі бар бала ата-анасының және (немесе) оның заңды өкілінің сүйемелдеуімен инватаксимен тасымалдауға жол беріледі.
Осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдері жоқ және (немесе) ілеспе тұлға болып табылмайтын бөгде адамдарды инватаксимен тасымалдауға жол берілмейді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Автомобиль көлігімен мүгедектігі
бар адамдарды тасымалдау
жөнінде қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.05.2024 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1) мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;
2) мүгедектігі бар адамның оқу орны;
3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
4) сот, прокуратура;
5) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;
6) заң консультациялары;
7) нотариус;
8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);
9) әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар;
11) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері үшін массаж қызметтерін көрсететін ұйымдар.
Автомобиль көлігімен
мүгедектігі бар адамдарды
тасымалдау жөнінде қызметтер
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Маршрут парағы
Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 04.11.2024 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Инватакси қызметін көрсететін ұйымның атауы _______________________
_____________________________________________________________________
Инватаксиді тасымалдау күні (күні, айы, жылы) _______________________
|
№ р/н |
Мүгедектігі бар адам |
Инватакси сапарының бағыты |
Мүгедектігі бар адамға инватаксимен қызмет көрсету уақыты |
||||||
|
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда оның болуы) |
Телефон нөмірі |
Қолы |
Бастапқы жөнелту пункті |
Соңғы межелі пункті |
Инватаксидің келу уақыты, сағат / минут |
Мүгедектігі бар адамды отырғызу уақыты, сағат / минут |
Мүгедектігі бар адамды түсіру уақыты, сағат / минут |
||
|
1 |
|||||||||
|
2 |
|||||||||
|
3 |
|||||||||
|
4 |
|||||||||
|
5 |
|||||||||
|
... |
|||||||||
Жүргізуші _______________________________________________ Жүргізушінің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Диспетчер _______________________________________________ Диспетчердің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы