Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 11 мамырда өткен Біржан сал ауданы Еңбекшілдер ауылдық округінің және Кеңащы ауылының әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2025 жылғы 11 мамырда Біржан сал ауданы Еңбекшілдер ауылдық округінің және Кеңащы ауылының әкімдерін екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14–бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Еңбекшілдер ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Еңбекшілдер сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 345 азамат енгізілді, олардың ішінде 267 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 21, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 1.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.Қ. Әутенов – 4; А.С. Истаев – 23; М.Қ. Сыздықов - 218.
Еңбекшілдер ауылдық округінің әкімі болып Мұратбек Қабидоллаұлы Сыздықов, 1969 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Еңбекшілдер ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14–бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Біржан сал ауданының Кеңащы ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Кеңащы ауылы әкімінің сайлауы бойынша Кеңащы сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 152 азамат енгізілді, олардың ішінде 129 дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 1.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Б.Б. Кешуов – 104; А.Т. Мешелов – 10; Б.А. Шәріпов - 8.
Кеңащы ауылының әкімі болып Бауыржан Борамбайұлы Кешуов, 1977 жылы туған, «Кокше-Цемент» ЖШС-нің ғимараттарды, құрылыстарды қадағалау және әкімшілік-шаруашылық басқару қызметінің жөндеу-құрылыс жұмыстары жөніндегі шебері, Кеңащы ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы