2025 жылғы 11 мамырға тағайындалған Біржан сал ауданының Кеңащы ауылы әкімінің сайлауына кандидаттарды қорытынды тіркеу туралы хабарлама

 

 

 

 

2025 жылғы 11 мамырға тағайындалған Біржан сал ауданының

Кеңащы ауылы әкімінің сайлауына кандидаттарды

қорытынды тіркеу туралы хабарлама

 

         Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

  1. Әкімдікке кандидаттар болып тіркелсін:

 

Бауыржан Борамбайұлы Кешуовты, 1977 жылы туған, «Кокше-Цемент» ЖШС-нің ғимараттарды, құрылыстарды қадағалау және әкімшілік-шаруашылық басқару қызметінің жөндеу-құрылыс жұмыстары жөніндегі шеберінің, Кеңащы ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Амангелды Төлеуұлы Мешеловты, 1967 жылы туған, «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысының, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

Бауыржан Аманжолұлы Шәріповті, 1982 жылы туған, «Біржан сал ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құжаттау бөлімінің бас маманының, Степняк қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылған.

 

Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 апреля 2025